Бейнеу – тоғыз жолдың торабы

Жаңалықтар
23.07.2018, 12:32
Бейнеу станциясы бұрын да бірнеше бағытқа жол тарайтын маңызды торап болатын. Ал Бейнеу- Жезқазған магистралі салынғалы нағыз тоғыз жолдың торабына айналды. Осыған орай станциядан «Б» паркі ашылып, басты екі жол ашылған 2014 жылдың өзінде қолдануға берілген-ді. Бірақ орталық басқаруға қосылмаған еді. Парктің барлық жолы үстіміздегі жылы ғана толықтай бітіп, жаңа жүйеге еніп, сәуір айында пайдалануға тапсырылды. Қазір станция Бейнеу-Мақат, Бейнеу-Маңғыстау, Бейнеу-Қарақалпақ, Бейнеу-Тассай бағыттарында жұмыс жүргізуде. Үш торапты жолдың кезінде Атырау және Ақтөбеге бағытталған пойыздардың барлығы Бейнеу-Мақат арқылы жөнелтілсе, енді Ақтөбе, Алматы, Жезқазғанға бағытталған жүктер Бейнеу-Тассай торабымен жіберіліп, станцияның көрсеткіштерін күннен күнге арттыруда. Мәселен, 2017 жылдың жарты жылында Бейнеуден жөнелтілген құрылыс жүгі 456 вагон болса, биылғы салыстырмалы мерзімде 1675 вагон немесе былтырғыдан 74725 тоннаға артық. Сол сияқты мұнай өнімдері 3 вагон/301 тоннаға, металлом 307 тоннаға, жалпы барлық жүк көлемі өткен жылғы алты айдағы 85681 тоннадан көбейіп, 111956 тоннаға жеткен. Сондай-ақ №1 бекетте жүктелген вагондардың саны 243-ке артып, 472933 тоннаны құраған. Дегенмен тасымалдау көрсеткіші төмендегендері де бар. Машина – 25,  әртүрлі жинақталған жүктер – 43,  ұн – 58, жем 26 вагонға азайған. Жалпы, 6 айда станцияда Орта Азиядан 150 пойыз қабылданса, 175 пойыз кері бағытта тапсырылған. Бұл көрсеткіш Тассайдан 699/ 467, Мақаттан 1027/1041, Маңғыстаудан 1467/1514 болған. Маңғыстау бөлімшесінде, соның ішінде Бейнеу станциясы және №1 бекетте логистикалық қызметтің дұрыс жолға қойылуына байланысты вагон ағымы жылдан жылға артуда. Себебі кейінгі кездері жүгін автомобильмен тасымалдаушылардың дені темір жол көлігіне көшуде. Мысалы, қазір еліміздің кез келген жерінде Бейнеудегі №1 бекеттен тиелетін ұлу тас өндірісіне сұраныс жоғары. Сол сияқты Бейнеу астық терминалынан тиелген ұн өнімдерінің басым бөлігі Иран еліне экспортталады. Жем өнімдері Бейнеу ауданының шалғайдағы (Бейнеу-Тассай жол торабының бойында орналасқан) елді мекендеріне, Маңғыстау өңіріндегі ауыл-аймақтарға жөнелтіледі, – дейді станция бастығы Есет Хайруллин. Станцияда барлығы 13 жол болса, оның үшеуі жолаушы, қалғаны жүк пойыздарына арналған. Жаңадан салынған «Б» паркінде 7 жол бар, сәуірде толықтай пайдаланысқа берілген. Соның арқасында «Б» паркінен де пойыздарды сұрыптап, құрастыруға мүмкіндік туыпты. Жаңа жол торабының іске қосылуына байланысты жаңа жүйе де енгізіліп, қызметкерлер Ebiloc-950 микропроцессорлық орталықтандыру жүйесін меңгерген. «Б» мен «А» паркінің арақашықтығы автомобиль жолымен есептегенде 10 км. Бір ауысымда 1 күзетші, 2 вагон қараушы, 1 станция кезекшісі, 1 тасымал құжаттарын өңдеу операторы, 1 жүктерді қабылдап-тапсырушы жұмыс істейді екен.   Шахида Жұман, Маңғыстау
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл