Байланыс жүйесінің мінсіз жұмысы

Жаңалықтар
23.07.2018, 15:04
Шілденің ми қайнатар аптап ыстығы. Шымкент станциясының темір жолдарында трансформатор жәшігін тексеріп, бағдаршамдар жұмысын реттеп жүрген электромеханик +45 градус ыстықты елемейтін секілді. Бұл – Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясының бағдаршамдар мен байланыс нүктелерінің мінсіз жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ететін электромеханик  маманы Фахриддин Мәмбетов. Темір жол саласында 28 жылдан бері табан аудармай еңбек етіп келе жатқан ол дистанцияның оңтүстік алқымдағы бағдаршам мен релелерге жауапты СОБ электромеханигі. Машинистер бағдаршамды алыстан анық көруі тиіс. Сол үшін электромеханиктер бағдаршамның бұлыңғыр емес, таза жанып тұрғанын 1 км қашықтықтан тексеріп көреді. Фахриддин Қаһарұлының айтуынша, өзі жұмыс істейтін телімде 43 бағдаршам бар. Былтыр станция жолдарындағы екеуі жаңа диодты түріне ауыстырылыпты. Қалғандары бұрынғы лампалы шамдар. Әрине, жаңадан орнатылған диодты шамдардың жарық қуаты алыстан байқалады. Дегенмен, лампалы бағдаршамдар да жақсы көрінуі үшін кестеге сәйкес, бағдаршамдардың шаңын сүртіп, тазалап тұрады. Лампалы бағдаршамның көрінуі 400 метрден кем болмауы тиіс. Шымкент станциясында Арыс – Шу, Шу – Арыс қозғалысының бағытын реттейтін 24, 68, 1416, 2022 нөмірлі 4 жиынтық екі айқаспалы және бір жиынтық тұйық бағыттама бұрма бар. Өте күрделі темір жол бөлігі саналатын, 4 жиынтықтан тұратын екі айқаспалы бұрма (двойной перекрестный стрелочный перевод) Қазақстан бойынша екі жерде ғана орналасқан, соның бірі осы Шымкент станциясында. Бұл бағыттағыш бұрманың ұзындығы 79 метрге жетеді. Сегіз дана бұрма мен 1 дана тұйық қиылыспадан тұратын бұрманың төменгі төсемінде 400 дана ағаш білеу төселген. Сондықтан ондағы бұрманың жұмысы да кестеге сай атқарылуы тиіс. Автоматты түрде ашылып-жабылғанымен оған ток беретін жіңішке сымдардың жұмысын электромеханиктер реттеп отырады. «Мен қазір мына жолға арналған трансформатор жәшігін ашып, өзіңіз көріп тұрғандай сымдарын дұрыстап, ағашын ауыстырдым. Бұл жәшікке су тұрмақ, шаң кірмеу керек. Сол үшін арнайы герметикадан жасалған. Көктемде, күзде бір рет ашып тексеріп тұрамыз. Мына қызыл түс жолда жылжымалы құрам – пойыз, вагон, электровоздың тұрғанын көрсетеді. Ал ақ түс жанып тұрса, жолдың бос тұрғанын білдіреді», – деп тәптіштей түсіндірді  байланыс жүйесінің мінсіз жұмысын қамтамасыз етіп отырған тәжірибелі электромеханик.   Жансая СЫДЫҚБАЙ Суретті түсірген автор  
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл