Ауырып ем іздегенше...

Жаңалықтар
23.07.2018, 15:06
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді халық тәмсілі. «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас кеңсе ғимаратындағы «Мейірім» медициналық кабинеті мамандары «бас ауырып, балтыры сыздағандарға» көмек көрсетуден бөлек, түрлі вирустық жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында іс-шаралар атқарады.   Мысалы, осы айда ақпараттық-насихаттық профилактикалық дәріс «Туберкулез ауруының алдын алу және емделу жолдары» тақырыбында өтуде. Мейірімнің ақ халатты арулары теміржолшылар қоныстанған алып ғимаратты асықпай аралап, ауру ошақтарынан сақтану, алдын алу туралы дәрістер оқып, түсіндіру жұмыстарымен айналысуда. «Мұндай шараның маңызы зор. Егер әр адам туберкулездің алдын алу жолдары мен емдеу дағдылары туралы біліп, дәрігердің кеңесін дұрыс пайдаланса, сырқаттану және өлім-жітімнің көрсеткішін азайтуға болады. «Дерттің басты факторы – иммунитеттің әлсіреуі. Дұрыс тамақтанбау, уақытылы тынықпау, салауаттылықты сақтамау, күйзеліс, суық тию сияқты жағдайлар әсер етеді. Егер бойыңызда шаршау сезіліп, екі аптадан аса жөтеліп, ұйқысыздық, асқа тәбеттің жоғалуы байқалса, бірден дәрігерге қаралу керек», – дейді  «Мейірім» медициналық кабинетінің терапевт-дәрігері Аида Байтемірова. Ал, жалпылама алғашқы медициналық көмекті көрсету үшін, мұнда барлық жағдай қарастырылған. Қан қысымын өлшеу, қажетті дәрі-дәрмекті беру, тіпті керек болған жағдайда екпе салу сынды шаралар жиі жасалады. Сапалы медициналық алғашқы көмек көрсету үшін кәсіби біліктілік тұрақты жетілдіріліп отырады. Бүгінде «Мейірім» медициналық кабинетінде терапевт-дәрігер мен екі мейірбике жұмыс жасайды. Ақ халаттылар компанияның бас кеңсе ғимаратындағы қызметкерлер  аяқасты  сырқаттанып қалған жағдайда да шұғыл жетіп, алғашқы медициналық көмек көрсетеді екен. Атап айтқанда, қан қысымының көтерілуі, қант диабеті және тағы сол сияқты. Аптаның бес күні бойы таңғы сағат 9 бен 15 аралығы денсаулық сақшысы қызметінде. Күнделікті «бас ауырып, балтыры сыздап» дегендей, түрлі мәселемен мұнда бас сұғатындар саны тәулігіне он адамға жетеді. Алдарына келген жандардың шағымын тыңдап, қан қысымын тексеріп, медициналық көмек көрсетіп, күрделі болса, қай салалық дәрігерге көріну керектігін анықтап, тереңірек ем-дом қабылдауы үшін жолдама беріледі. Алдағы уақытта жүкті әйелдер, қант диабетімен сырқаттанатын және қан қысымы жоғары адамдарға қатысты ақпараттық түсіндіру шараларын ұйымдастыру жоспарда тұр екен. Ардақ Зұлқажапқызы      
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл