Әріптестері автокөлік сыйлады…

Жаңалықтар
25.07.2018, 17:32
Адам баласының түрлі келеңсіз жағдайға тап болуы, әсіресе қауіпті аймақ саналатын теміржолда таңсық емес. Алайда олардың бірі өндірісте бақытсыз жағдайға тап болса, енді бірі жеке басының қауіпсіздік шараларын сақтамауы салдарынан ұшырайды. Егер жұмысшы өндірістік жарақат алса, зардап шегушіге Ұлттық компания қолданыстағы заң шеңбері аясында барлық жағдай жасайды. Пойыз құрастырушы болып жұмыс жасап жүріп 2011 жылы жазатайым оқиғаға ұшырап, екі аяғынан айрылған Мұса Бегалиев – солардың бірі. Жуырда Ұлттық компания теміржолшылары атынан Қызылорда ЖТ бөлімшесінің директоры Аманкелді Арысбаев Мұса Шәкиұлына «Лада-Гранта» автокөлігінің кілтін табыс етіп, алдағы күндерінің жақсы жаңалыққа толы болуына тілектестік білдірді. – Теміржолшыларды әлеуметтік тұрғыдан қолдап, оларға көмек беру – Ұлттық компанияның бірден бір ұстанымы. Бүгін біздер соның бірінің куәгері болып көріп отырмыз. Мұса Бегалиевтің әлеуметтік жағдайына көмек теміржол басшылығы мен кәсіподағы және партия тарапынан да жасалып келеді. Бүгінгі игі іс ҚР Еңбек кодексінің талаптары мен «ҚТЖ» ҰК» компаниясының ұжымдық шартына сәйкес орындалып, кешегі әріптесімізге қолдан келгенше көмек қолын созып отырмыз, бұл – біздің парызымыз, – деді аймақ теміржолшылары атынан автокөлік кілтін табыстаған Аманкелді Арысбаев. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ғалымжан Жұмағалиев Мұса Бегалиевтің барлық құжаттарын заң аясында реттестірсе, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамнан тыс қалмауын қадағалап, қажет кезде кеңес пен көмек беріп, осындай ізгі іс-шараның ортасынан табылатын «Нұр-Отан» партиясының «Теміржол» филиалының өкілі Базара Танбаевалар кешегі әріптестерін қуанышымен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Алты балалы Мұса Бегалиевтің басындағы қайғылы жағдай 2011 жылы орын алған, содан бері оған Ұлттық компания тарапынан ҚР Еңбек кодексінің талаптарына және «ҚТЖ» ҰК» компаниясының ұжымдық шартына сәйкес қажетті көмек беріліп келеді. Оның өзінің жеке арызына қатысты оған автокөлік берілуіне көмек бердік және осы автокөлігі үшін ай сайын 50 литр жанармай берілетін болады, – деді Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Ғалымжан Исағалиұлы. Отбасы, бала-шағасымен қызыл-жасыл безендірілген автокөлікке отырған Мұса Шәкиұлы әріптестеріне ризашылығын жасырмады. – Менің басымдағы ауыр жағдайды бөліскен әріптестеріме алғысым шексіз. Теміржолшылар мені әрдайым қолдап келеді. Менің балам Қуаныштың Қызылорда станциясына жұмысқа орналасуына жағдай жасады, бүгін, міне, мені протез аяқпен жаяу жүрмесін деп көлік сыйлап отыр, барлық теміржолшыға амандық, денсаулық тілеймін, теміржолдың табысы ортаймасын, – деді  ол.   Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда Суретті түсірген Өмірбай Түменбай
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті