Сауалнама нәтижесі нені көрсетті?

Жаңалықтар
25.07.2018, 17:34
«ҚТЖ»  ҰК» АҚ әлеуметтік шаралар қатарын арттыра түспек. Бұл туралы Ақтөбеге іссапары барысында теміржолшылармен кездескен "Самұрық-Қазына" қоры жанынан құрылған Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығының басқарушы директоры Сандуғаш Ескендірова хабарлады. Оның айтуынша, ұлттық қорға қарасты компаниялардың барлығында жаңа жүйе бойынша жұмысшылардың ұсыныс-тілектері жинақталып, басшылық назарына жеткізіліп отырылады. "Біздің орталық қызметкерлері теміржолшылар арасында сауалнама жүргізді. Компания индексін анықтадық. Қай жерде қауіпті аумақ бар, соны іздедік. "ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың қабылдауында болып, кадрлық, әлеуметтік саясат бойынша сараптама қорытындысын ұсындық. Компанияға қарасты жүк тасымалы, жолаушылар тасымалы қызметтері, сервис, локомотив шаруашылықтары жұмысы бойынша мәліметтерді компания басшысының назарына жеткіздік. Кей қызметтерде арнайы киім керек, кейбірінде еңбек жағдайын жақсарту керек, т.т. Менің білуімше, компания басшысы жағдайды жақсартуға бағытталған шаралар жоспарын әзірлетті. Тіпті, қомақты қаражат қарастырылып, нақты шаралар қолға алына бастады", – дейді Сандуғаш Ескендірова. Орталықтың басқарушы директорының айтуынша, бүгінде тәуелсіз сарапшылардың қызметіне бірқатар теміржол құрылымдарының басшылары да жүгіне бастаған. Олармен арнайы кездесу өткен. Көбіне-көп басшылық тарапта өз қызметкерлерімен байланыс жетіспей жататын көрінеді. "Жұмысшыларға расымен коммуникация жетпейді екен. Олардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асу үшін өңірлерге ұлттық компанияның экономистері мен қаржыгерлерден құралған мобильді топ барып, сөйлесіп, ұсыныс-телектерін тыңдаған. Бүгінде ұлттық компания басшылығы да мұндай ұсыныс-тілектерді аяқсыз қалдырмауға тырысуда. Айта кету керек, "Самұрық-Қазына" қорына қарасты өзге компанияларда мұндай тәжірибе бұрыннан бар. "ҚТЖ" компаниясында енді қолға алына бастаған бастама ең алдымен жұмысшылар игілігі үшін жасалады", – деген Сандуғаш Ескендірованың айтуынша, әлеуметке бетбұрыс оң нәтиже берген. Асқар Ақтілеу, Ақтөбе
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті