Елордаға саяхат

Жаңалықтар
31.07.2018, 10:47
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жыл сайын жазғы каникулда жас өскіндердің демалысын көңілді ұйымдастырып, дүниетанымын дамытуға мүмкіндік беретін түрлі шараларды қолға алып келеді. Соның тағы бір дәлелі, 22-24 шілде аралығында компанияның орталық кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен Шығыс пен Батыс Қазақстаннан 102 баланың Астанаға үш күндік саяхаты ұйымдастырылды. Бас шаһардың  20 жылдық мерейтойына  орайластырылған шарада Ақтөбе, Өскемен және Семей қаласынан келген балалар Астананың ең көрікті деген орындарын аралап, үш күн бойы орталық кәсіподақ қызметкерлерінің арнайы жасаған бағдарламасымен көңілді демалыстарын өткізді. Жас саяхатшылар қыдырысты алдымен ЭКСПО мұражайынан бастап, арнайы экскурсиялық автобуспен  «Бәйтерек» монументі, «Атамекен» этно-мемориальдық кешені, Бейбітшілік және келісім сарайы сынды көркі келісті ғимаратармен қоса, «Думан» океанариумы тектес бірнеше ойын-сауық орындарын тамашалады. – Компаниямызда еңбек ететін теміржолшылардың балаларына арналған мұндай экскурсия жыл сайын ұйымдастырылады. Былтыр ЭКСПО-2017 көрмесіне орай ұйымдастырсақ, биыл Астананың мерейтойына негіздедік. Шалғай өңірлерден келген балалардың елордаға саяхаттан мол әсер алуларына баса назар аудардық, – дейді орталық кәсіподақ төрағасы Оразғали Ахметбаев. Балалардың жолақысы компания мен ата-аналардың қалтасынан тең бөлінсе, ішер асы, жатар орны мен қаладағы серуен-саяхатты түгелдей кәсіподақ кеңесі мойнына алған екен. Бала-болашақ үшін осы тектес шаралар мұнымен шектелмейтін көрінеді. Мысалы, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ қызметкерлерінің балалары Алматының тарихи орындарына экскурсияға бармақ. – Бүгінгі өскелең ұрпақтың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дамытуға ерекше мән беруіміз керек. Сол себепті, біздің міндетіміз – қолда бар мүмкіндікті аямай соған алғышарт жасау. Ертең осы балаларымыз ел басқаратын азаматтар болар мүмкін. Сондықтан олардың рухани бай болуына дәл осындай елдік шаралардың тигізер пайдасы мол екеніне сенемін, – дейді Сала кәсіподағының басшысы.   Ардақ Зұлқажапқызы Суретті түсірген Александр Жабчук      
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл