Тексеру жүргізілді

Жаңалықтар
15.11.2018, 11:59

Ел аумағында теміржол вокзалдары мен жолаушылар пойыздарында тексерулер жүргізіліп, бірқатар заң бұзушылық деректер тіркелді.   

– ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен есірткі, жарылғыш заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтап, табу үшін еліміздің темір жол вокзалдары мен әуежайларда және жолаушылар пойыздарында күнделікті пысықтау жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Бағлан Жарылқасынұлы.

  Оның айтуынша, қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен есірткі заттардың заңсыз айналымының 211 фактісі анықталған, оның ішінде жолаушылар пойыздарында 155 дерек, теміржол вокзалдарында 49 дерек, әуежайларда 7 жайт тіркеліпті. Заңсыз айналымнан 100 кг-нан астам түрлі есірткі заттары тәркіленген.   

Кинологтар аймақтардағы «Допинг», «Правопорядок», «Транзит», «Көкнар» секілді жедел-профилактикалық және іздестіру іс-шараларына белсенді түрде қатысады. Мәселен, «Алматы-Маңғышлақ» бағытындағы жолаушылар пойызында «Рекс» лақап атты қызметтік иттің көмегімен Жамбыл облысының тұрғынынан 16 кг кептірілген «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленген.   

Еске сала кетсек, биылдыққа есірткі заттардың заңсыз айналымына қатысты 410 құқық бұзушылық анықталып, олардың 36 фактісі өткізу және сақтауға қатысты, 16 фактісі есірткі заттарды контрабандалық жолмен алып өтуге қатысты болған.

Бекбол Құлдан, Астана 


Жаңалықтар
20.03.2026
Ақмола облысында теміржол инфрақұрылымының су тасқынына дайындығы тексерілді
Темір жол тарихы
20.03.2026
«Алтын кітап» қорына енді
Жаңалықтар
20.03.2026
ҚТЖ мен Huawei теміржол тасымалына ЖИ қолдану арқылы озық технологияларды енгізуді талқылады
Спорт
20.03.2026
«NAURYZ FEST»: Ұлттық өнер сайысы
Инфрақұрылым
20.03.2026
Стратегиялық маңызы бар бекеттердегі жөндеу жұмыстары
Спорт
20.03.2026
Тоғызқұмалақтан асық атуға дейін...
Жаңалықтар / Мұрағат
20.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №21 20 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
19.03.2026
ҚТЖ басшысы ҚХР технохабтарында болды
Әлемде
19.03.2026
Қытайда теміржол көлігіндегі инновациялар бойынша 10-шы жастар байқауы өтті
Инфрақұрылым
19.03.2026
Қызылорда және Ақтөбе теміржолшыларының бірлескен жұмысы нәтиже беруде
Әлеумет
19.03.2026
Өмір сыйла: ҚТЖ-да Донор күні өтті
Әлемде
19.03.2026
РЖД екі метрлік сөрелері бар яхта стилінде жасалған купе вагонын таныстырды
Жаңалықтар
19.03.2026
Астанада ТХКБ, ЭЫДҰ стандарттары және RES 2026 мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
18.03.2026
Алматы айналма желісінің жобасы ХҚК марапатына ие болды
Жолаушылар тасымалы
18.03.2026
Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар шығады
Жаңалықтар
18.03.2026
Қазақстанда жүк вагондарын тіркеудің жаңа қағидалары күшіне енді
ҚТЖ келбеті
18.03.2026
Сақ аруларының сарқыты
Жаңалықтар
18.03.2026
Көлік министрлігі су тасқыны кезеңіне теміржол инфрақұрылымының дайындығын пысықтады
Әлемде
18.03.2026
Қырғызстан «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасының қатысушыларын ҚҚС-тан босатты
Жаңалықтар
18.03.2026
Қазақстан мен Қытай шекарасында құрғақ порт ашылды