Маңғыстаудың жас теміржолшылары "Жайдарман" ойындарында екінші орынды иеленді

Жаңалықтар
22.11.2018, 14:15

Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жайдарман» сайысының облыстық ашық чемпионатының жоғарғы лигасына қатысқан «Маңғыстау.кз» тобы екінші орынды еншіледі.  

Бұл – түбектегі теміржолшылар командасының аймақтық жарыстың финалына алғаш шығуы. Сондықтан, бірінші орын бұйырмаса да теміржолшы жігіттердің салы суға кеткен жоқ. Бас бәйге қолдан шығып кеткенмен есесіне республикалық сайыстың жолдамасы теміржолшылар тобының қанжығасына түсті.  

 − Біз бастапқы екі көріністе де ұпай жағынан бәрінен алда келе жатқан едік. «Бір әуен аясында» шартында аздау балл жинап қалдық. Сол тағдыр шешуші «шайқас» болды. Дегенмен, ойынның аты − ойын. Бірінші жыл болғандықтан екінші орынның өзі жетістік. Енді желтоқсан айындағы «ҚТЖ» форумына дайындаламыз. Бұйырса, әлі талай белестерді бағындырамыз, – дейді аймақтағы теміржол жастарының өкілі, «Маңғыстау.кз» командасы жетекшісі Қуатбек Көпбаев.

Финалда жалпы төрт команда төрт шарт бойынша сынға түсті. Қатысушылар «Сәлемдесу», «Фото ширату», «Бір әуен аясында», «Үй тапсырмасы» тапсырмаларын орындап, қосымша қызықты сұрақтарға жауап берді. Бірінші орынды аймақтағы жоғарғы лигада қатарынан үшінші жыл ойнап жүрген бейнеулік «Сіздер үшін» тобы иемденді. Десе де, қазылар алқасының шешімі Астанада өтетін республикалық «Жеңімпаздардың жеңімпазы» байқауына теміржолшылар командасы да қатыспақ. Ендеше, жігіттерге сәттілік!

Шахида Жұман, Маңғыстау 


Спорт
16.04.2026
Қызылордада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
16.04.2026
ALT Astana колледжінде логистиканың заманауи трендтері талқыланды
Жүк тасымалы
16.04.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы тұрақты өсімді сақтап отыр
Әлемде
16.04.2026
Еуропалықтар теміржолды көбірек таңдай бастады
Жүк тасымалы
16.04.2026
Орталық дәліз арқылы Ухань мен Баку арасында жүк пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
16.04.2026
Биыл қандай теміржол желілері іске қосылады?
Әлемде
15.04.2026
Перуде болған пойыз апатынан кейін теміржол қауіпсіздігі ережелері қайта қаралуда
Жаңалықтар
15.04.2026
Жаңа буын бағыттамалары сынақтан өтуде
Жаңалықтар
15.04.2026
Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Әлемде
15.04.2026
Alstom сәтсіздікке қарамастан сутегі жобасына инвестиция салуға мәжбүр
Жаңалықтар
15.04.2026
Теміржол нысандарында бақылау шаралары күшейтілді
Әлеумет
15.04.2026
Түркістан теміржол вокзалында жолаушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді
Жаңалықтар
15.04.2026
Қазақстан контейнерлік пойыздарды құраудың жаңа моделіне көшті
Жаңалықтар
15.04.2026
Тасымалданған жүктің жалпы көлемі 8%-ға артты
Жаңалықтар
14.04.2026
Ақтау мен Құрық порттарын жаңғыртуды жеделдету қажет – Олжас Бектенов
Әлемде
14.04.2026
Alstom компаниясы Румынияға алғашқы Traxx электровозын жеткізді
Жаңалықтар
14.04.2026
ҚТЖ паркі жаңа техникамен толықты
Жаңалықтар
14.04.2026
Көлік министрі еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Инфрақұрылым
14.04.2026
Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды
Аймақтар
14.04.2026
Мамандар желі бойындағы құрылғыларды тексеруде