Тараз теміржолшылары құбылмалы күн райында қалай жұмыс істеу керектігін үйренеді

Жаңалықтар
23.11.2018, 13:30

Тараз станциясында техникалық, өндірістік оқу-жаттығу жұмыстары толассыз жүреді. Өйткені, стратегиялық нысан саналатын станцияда қаперде жүрер, босаңсуға жол беруге болмайтын басты талаптар көп екені даусыз.  

Сондықтан, станция қызметкерлері қанша жерден білікті маман болса да, техникалық дәрістерден тыс қалмауға міндетті. Жуырда станцияда айына екі мәрте өтіп тұратын техникалық оқыту шаралары ұйымдастырылып, онда теміржолшылар жеті тақырып бойынша білікті мамандарды тыңдап, артынша тест түріндегі сынақ тапсырды.

Станцияның бас инженері Солтон-Мұрат Тоқтанаев, еңбек қауіпсіздігі жөніндегі инженері Ербол Оспанов және ШЧ-36 аға механигі Сергей Беспалько сынды өз ісінің білікті мамандары негізінен еңбек қауіпсіздігі мен жол қауіпсіздігін сақтау, санитарлық талаптарды жіті қадағалау, станция құрылғылары мен жалпы күтімін бақылау сынды негізгі тақырыптар бойынша дәріс оқыды.

Тыңдаушылардың бәрі тесттен сүрінбей өтіп, ойдағыдай сынақ тапсырды. Станция бастығының міндетін атқарушы Медет Қолдасовтың айтуынша, жақын күндері теория мен практика ұштастырылған кең көлемді оқыту жұмыстары жүргізіледі. Оқыту барысында қиын ауа райы жағдайында, яғни, қарлы-боран, жауынды-шашынды күндері жұмыс істеу режимін қалай ұйымдастыру жолдарын, оқыс жағдайда шұғыл шешім шығару әдістерін тәптіштеп түсіндірмек. Ол үшін мамандардың көмегімен алдын ала бейнетүсірілім жасалып, қазір монтаждалып жатыр екен. Яғни, станция теміржолшыларына сол бейнематериал бойынша дәріс өткізу көзделуде.

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, Жамбыл  


Спорт
16.04.2026
Қызылордада теміржолшы ардагерлер арасында шахматтан турнир өтті
Жаңалықтар
16.04.2026
ALT Astana колледжінде логистиканың заманауи трендтері талқыланды
Жүк тасымалы
16.04.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы тұрақты өсімді сақтап отыр
Әлемде
16.04.2026
Еуропалықтар теміржолды көбірек таңдай бастады
Жүк тасымалы
16.04.2026
Орталық дәліз арқылы Ухань мен Баку арасында жүк пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
16.04.2026
Биыл қандай теміржол желілері іске қосылады?
Әлемде
15.04.2026
Перуде болған пойыз апатынан кейін теміржол қауіпсіздігі ережелері қайта қаралуда
Жаңалықтар
15.04.2026
Жаңа буын бағыттамалары сынақтан өтуде
Жаңалықтар
15.04.2026
Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Әлемде
15.04.2026
Alstom сәтсіздікке қарамастан сутегі жобасына инвестиция салуға мәжбүр
Жаңалықтар
15.04.2026
Теміржол нысандарында бақылау шаралары күшейтілді
Әлеумет
15.04.2026
Түркістан теміржол вокзалында жолаушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаттары түсіндірілді
Жаңалықтар
15.04.2026
Қазақстан контейнерлік пойыздарды құраудың жаңа моделіне көшті
Жаңалықтар
15.04.2026
Тасымалданған жүктің жалпы көлемі 8%-ға артты
Жаңалықтар
14.04.2026
Ақтау мен Құрық порттарын жаңғыртуды жеделдету қажет – Олжас Бектенов
Әлемде
14.04.2026
Alstom компаниясы Румынияға алғашқы Traxx электровозын жеткізді
Жаңалықтар
14.04.2026
ҚТЖ паркі жаңа техникамен толықты
Жаңалықтар
14.04.2026
Көлік министрі еліміздің транзиттік-көлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Инфрақұрылым
14.04.2026
Семейде жол жөндеу жұмыстары қарқын алды
Аймақтар
14.04.2026
Мамандар желі бойындағы құрылғыларды тексеруде