Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 21 млн тоннаны құрады

Жаңалықтар
29.04.2019, 09:10

Қазақстан мен Ресей темір жолдары ортақ көлік дәліздерін тиімді пайдаланып, табыс табуға мүдделі. Екі ел арасындағы жүк тасымалы соңғы уақытта айтарлықтай ұлғайып отыр.

2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы жүк тасымалдау көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 467,7 мың тоннаға артып, 85,4 млн тоннаны құраған. Ал биылғы жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша жүк тасымалдарының көлемі 21 млн тоннаны құрап отыр. 

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин «Ресей темір жолдары» компаниясының бас директоры, басқарма төрағасы О.Белозеровпен кездесу өткізді. 

Мәселені талқылауға ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р.Скляр, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы С.Мыңбаев қатысты, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық жүйелері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету және кеңейту, бірлескен транзиттік әлеуетті дамыту және жолаушылар мен жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралған. «РТЖ» ААҚ бас директоры О.Белозеров қазақстандық әріптестермен өзара қарым-қатынас ресейлік темір жол жүйесі үшін аса маңызды екенін атап өтті. «Осы жылдың қаңтарнаурыз айларында транзиттік тасымалдар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51%-ке артты және біз ынтымақтастықты кеңейте түсуге ниеттіміз», – деді О.Белозеров. 

ҚР Премьер-министрі А.Мамин Қазақстанның өзара тиімді шарттармен сындарлы ынтымақтастықты кеңейте түсуге ниетті екенін атап өтті. Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің басшысы «Бір белдеу, бір жол» жобасының аясында екі елдің темір жол жүйелерінің бірлесіп қатысуының үлкен әлеуетін айтып өтті. 

Жалпы алғанда, тараптар қазіргі өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыруға және ынтымақтастықтың жаңа бірлескен бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыстарды жандандыруға ниет білдірді.

Жаңалықтар
02.09.2024
Отбасы тәрбиесі ұлықталды
Әлеумет
02.09.2024
Қызылордада балаларды мектепке дайындау шарасы жалғасып жатыр
Әлеумет
02.09.2024
Теміржолшылар әулеті жеңіс тұғырынан көрінді
02.09.2024
ҚТЖ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді
Жаңалықтар
02.09.2024
Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек – Президент
Әлеумет
02.09.2024
Укрзалізниця инклюзивті вагон шығаруды қолға алды
ҚТЖ келбеті
02.09.2024
Теміржолшы әулеттерімен кездесу өтті (Фото)
Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады