Укрзалізниця инклюзивті вагон шығаруды қолға алды

Әлеумет
02.09.2024, 12:17
Қазақстан теміржолшысы

«Укрзалізниця» АҚ дөңгелекті кресло қолданатын жолаушыларды топтық тасымалдауға арналған бірегей инклюзивті вагон шығаратынын хабарлады.

30 тамызда тұсауы кесілген бұл инновациялық жоба жаңа үлгіні әзірлеуге және сынақтан өткізуге белсенді қатысатын ардагерлерге, медициналық орталықтарға және қоғамдық ұйымдарға бағытталған.

Жаңа вагонның ерекшелігі оның функционалдық дизайнында және мүмкіндігі шектеулі адамдардың жайлы жүруін қамтамасыз етеді.

Вагон төрт бөлек купемен жабдықталады, олардың әрқайсысы дөңгелекті креслолардағы екі жолаушыға және оларды алып жүрушілерге арналған.

Бұл шешім жалғыз адамның жүруіне ғана емес, бір топ адам болып саяхаттауға мүмкіндік береді, өйткені қажетті кеңістік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етілген.

Вагонды жобалау және өндіру қоғамдық ұйымдармен және әлеуетті пайдаланушылармен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Соның арқасында бұл өнім ерекше қажеттілігі бар жолаушылардың талаптары мен қажеттілігін өтемек.

Укрзалізниця паркінде қазірдің өзінде дөңгелекті креслодағы жолаушыларға арналған купелері бар 50 вагон бар.

Дегенмен, жаңа вагон топтық тасымалдауға бағытталған бірінші құрама болады.

«Біз паркті жүйелі түрде жаңартып, оны саяхаттауға ыңғайлы болу үшін заманауи құралдармен жабдықтап жатырмыз. Жаңа жоба сауықтыру, демалыс, спорттық іс-шаралар немесе жай ғана саяхаттау үшін топтарды тасымалдауға жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деді «Укрзалізниця» АҚ басқарма төрағасы Евгений Лященко.

Компания мұндай алғашқы вагонды шығаруды келесі жылға жоспарлап отыр.

Жаңа вагон ыңғайлы саяхат үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл сапар бойы жайлы тұру үшін жабдықталады.

Әрбір купеде денені көтере алатын реттелетін бұрыштары бар екі ұйықтайтын диван болады.

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты