Күзгі байқауға дайындық

Жаңалықтар
09.09.2016, 11:03
Әне-міне дегенше, қылышын сүйреп қаһарлы қыс келетіндіктен  өңірдің тамырына қан жүгіртіп отырған іргелі кәсіпорын – Маңғыстау жүк тасымалдау бөлімшесінде шаруашылықты қатал маусымда жұмыс жасауға дайындау  жұмыстары басталып кетті.  «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ –  Маңғыстау бөлімшесі филиалының Өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Ернар Айдархановтың  мәлімдеуінше,  барлық дайындық-пысықтау жұмыстарының жағдайы қыркүйек-қазан айларының аралығында өтетін күзгі бақылау нәтижесінде белгілі болмақ. Іс-шара Маңғыстау темір жол бөлімшесіне қарасты аумақта 40-қа жуық бағыт бойынша өтеді. Ол үшін бөлімше бастығының бұйрығымен 35 адамнан тұратын комиссия жасақталған.   −  Аталған тексеріс барысында ғимараттардың және темір жолдар мен өткелдердің, өндірістік базалардың, техниканың өзге де нысандар мен кадрлардың дайындығын қараймыз. Темір жол қызметкерлері қысқы жұмыс маусымында қолданатын техникамен танысты ма, техникалық сабақтар талапқа сай өтті ме, мамандардың жұмыс киімдері мен арнайы құралдары бар ма, жұмыс орындарында қажетті жағдай жасалған ба, бәрі-бәрі мұқият тексеріліп, кем-кетігі алдын ала анықталады. Кездескен кемшіліктер бойынша акт жасақталады.  Олқылықтарды жою мақсатында бөлімшесі директорының төрағалығымен жиын өтіп, кең көлемде талқыланады. Әрі қарай тиісті шаралары алынады, – дейді Ернар Айдарханов.        Бұл дайындық жұмыстарынан темір жолмен бірге тыныстап отырған болат жолдың бойындағы шағын қыстақтар да тыс  қалмайды.  Разъезде тұрып жатқан халықтың  күн көрісі қалай, ауыз суы бар ма, отын-көмірмен қамтылған ба, тағысын тағы мәселелері қарастырылуда екен.

Шахида Жұман, Маңғыстау

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады