Қызылорда-Сексеуіл-Түркістан бағыты іске қосылды

Жаңалықтар
01.07.2019, 10:15
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты қызылордалықтар да бірқатар шараларды қолға алды. 24 маусым күні облыс әкімі жанынан жедел штаб құрылып, кез келген уақытта түрлі көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.

Қызылорда теміржол вокзалы күшейтілген режимде жұмысқа көшіріліп, көліктік прокуратура басшысы Тимур Шүленбаевтың төрағалығымен қосымша жұмыс штабы жасақталып, оның құрамына Қызылорда ЖТ бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев, магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Берік Бекжанов, магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Жандарбек Өтегенов кірді және ӘТЖК, ЖІІб, құзырлы орган қызметкерлері қамтылды.

Төтенше оқиғаға байланысты Қызылорда облысы тарапынан арнайы автокеруен жасақталып, 14,5 тонна күріш, 10 тонна ұн, 5 тонна қарақұмық, 1,5 тн сүт жіберілді.

Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдардағы 2083 мемлекеттік қызметші 1 күндік жалақысын аударуға ниет білдіруде. Бұдан бөлек, зардап шеккендерге азаматтық қоғам институт өкілдері, кәсіпкерлер және жеке азаматтар да өз еріктерімен қолдау көрсетуде.

Ал темір жол станцияларында шұғыл ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып, штаттық жүйеде жұмыс жасау енгізілді. Оқиға орын алған күні кідірген 5 жолаушы пойызындағы 1200 жолаушыға ыстық тамақ пен сусындар тегін таратылды және 15 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Екі жолаушы пойызы («МоскваБішкек», «Атырау-Алматы») Сексеуіл станциясы арқылы Жезқазған бағытымен Алматы, Бішкек қалаларына сапарын жалғастырды.

Жолаушылар пойызының бағыты өзгеруіне байланысты «Сексеуіл» станциясынан Қызылорда, Түркістан облыстарына баратын 500 жолаушыға межеленген жерлеріне жетуі үшін арнайы 14 вагондық станцияаралық пойыз бен 6 автобус қызмет көрсетті.

Шиелі станциясынан 82 жолаушыны Алматы қаласына автобуспен, 22 азаматты Луговой, Тараз және Шымкент қалаларына шағын көліктермен жөнелту ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Түркістан облысына Шымкент қаласымен аралықтағы жолаушыларды тасымалдау үшін 5 үлкен сиымдылықты автобус жіберілді. – Оқиға орын алған күні кешке Қызылорда, Шиелі және Сексеуіл станцияларында тоқтатылған төрт пойыздың жолаушыларына ас суы мен ыстық тамағын беру ұйымдастырылды. Бүкіл вокзал қызметкерлері күшейтілген жүйеге ауысып, жолаушылардың жағдайын жасауға көшіріліп, қауіпсіздік, сақтық шараларын арттыру қолға алынды, – дейді бөлімше директорының вокзал шаруашылығы жөнінде орынбасары Жандарбек Өтегенов.

Қазіргі таңда Қызылорда және Шиелі вокзалдарында жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында жасақталған қосымша жұмыс штабы жұмыс жасауда. Билет кассаларын кезекті реттеу, қажет көмек көрсету жұмыстарына вокзал қызметкерлерімен қосымша ӘТЖК және ЖІІб жасақтары көмек көрсетуде. Жолаушылар тасымалы батыс филиалы басшысы Алмас Дәуітбаевтың ұйымдастыруымен қосымша тағы бір билет кассасы ашылып, жалпы 7 билет кассасы жұмыс жасауда. Вокзалда жолаушылар үшін қосымша ауа реттегіш құрылғысы, тегін ауыз су, қосымша компьютер мен ксерокөшірме қойылып қызмет көрсетуде.

Оқиғаның алғашқы күні жолға шығарылған 14 вагонға қосымша 5 вагон қосылып, қалааралық 3 құрам жолаушыларды тасуға бағытталған.

– Сексеуіл және Түркістан станцияларынан түскен жолаушылардың сапарын әрі қарай жалғастыруы үшін арнайы қосымша қалааралық Қызылорда-Сексеуіл-Түркістан бағытында бүгін үшінші күн болды 8 вагондық үш құрам жүргізіліп тұр. Пойыздар Сексеуіл-Қоскөл-Жезқазған бағытымен өткізілуде. Жамбыл мен Шымкентке баратын жолаушылар осы станциядан түсіп, қалааралық пойызбен Түркістанға, одан кейін Шымкентке жөнелтілуде. Түркістан мен Шымкент қалалары арасында 10-15 автобус жолға қойылған. Ал Шымкенттен біздің бөлімшеден екі пойыз Семейге, Көкшетау мен Алматыға арнайы жүргізілуде.

Қазіргі таңда теміржол вокзалында жолаушылардың билетін кері қайтару шаралары жүргізілуде, асығыс жолаушылар бір ай көлемінде еліміздегі кез келген теміржол вокзалы кассасына билетін өткізіп, жол жүру құжатының құнын қайтарып ала алады, – деді Жандарбек Өтегенов. 

Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды