«Алматы-Маңғыстау» бағытындағы жаңа пойыз жолға шықты

Жаңалықтар
29.07.2019, 15:09

Алатаудың баурайындағы әсем қала Алматыдан 22 шілдеде аттанып, Маңғыстау түбегіне дейін 56 сағат жол жүріп өтіп, кеше 25 шілде күні таңғы сағат 7-де келген жаңа жолаушылар пойызы жергілікті халықты көл-көсір қуанышқа бөледі.

Жаңа пойыз дегеніміз, «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы бұл жолаушы пойызының құрамындағы 25 вагон су жаңа, отандық «Тұлпар-Тальго» зауытының өнімі болып табылады. Талай жыл осы аралықтағы бірнеше тәулікті ұзақ жолды ескіріп, арса-арсасы шыққан көне вагондармен жүріп өтетін жолаушы халық жолда демалудың орнына пойыздан шаршап түсетіндерін жасырмайды. Ал қырық күн шілдеде бұл вагондарға мініп сапар шегу мүмкін емеске айналған болатын.

Міне, түбек халқының талай жылғы мұңы мен мұқтажын қанағаттандырған «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұлттық тасымалдаушы Маңғыстауға су жаңа вагондар құрамын сыйға тартты.

«Алматы-Маңғыстау» жолаушы пойызында жаңартылған 25 вагон, әзірше 3 құрамға 8-9 вагоннан бөлінген. Әр вагонда 54 орын бар. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Нұрдәулет Қилыбаевтың айтуынша, алдағы уақытта түбекке қатынайтын басқа пойыздар да толық жаңаратын болады. Іші заман талабына сай дербес ауабаптағыш, су сүзгіш, өртке қарсы жүйе, қысқа толқынды пеш, т.б. құралдармен жабдықталған. Пойыздың билет құны мен жүру уақыты бұрынғыша қала бермек. «Жолаушылар тасымалы» АҚның ресми өкілі Диас Ахметшәріптің хабарлауынша, жаңа вагондар түбектік тұрғындардың өтінішімен жаңартылды. Себебі осы бағыттағы пойыздардың тозғаны туралы шағымдар көптеп түскен.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесі директорының орынбасары Ерлан Бүркітов жаңа вагондармен жеткен құрамды салтанатты жағдайда күтіп алған жергілікті халықтың қуанышына ортақ екенін жасырмады.

«Бұл – біз үшін көптен күткен үлкен қуаныш. Халықтың сұранысына сай су жаңа вагондар, міне, түбекке де келіп жетті. Арадағы 2812 км жолда маңғыстаулық жолаушылар енді осындай заманауи вагондармен сапар шегетінін теміржолшы ретінде мақтан етемін», – деді ол.

Жаңалықтар
02.09.2024
Отбасы тәрбиесі ұлықталды
Әлеумет
02.09.2024
Қызылордада балаларды мектепке дайындау шарасы жалғасып жатыр
Әлеумет
02.09.2024
Теміржолшылар әулеті жеңіс тұғырынан көрінді
Жаңалықтар
02.09.2024
Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек – Президент
Әлеумет
02.09.2024
Укрзалізниця инклюзивті вагон шығаруды қолға алды
ҚТЖ келбеті
02.09.2024
Теміржолшы әулеттерімен кездесу өтті (Фото)
01.09.2024
ҚТЖ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді
Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады