Тәуелсіздіктің  «тұңғышы»

Жаңалықтар
20.09.2016, 17:10
 Биыл Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік туын тұғырына қондырғанына 25 жыл болса, тәуелсіздіктің тұңғыш темір жолы ретінде шойын жол шежіресінде алтын әріптермен жазылып қалған Ақсу – Дегелең темір жолының салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгеніне 15 жыл болыпты. Жиырма бірінші ғасырдың басында Қазақстан егемендік алған ТМД елдерінің арасында 2,5 жыл ішінде солтүстік өңірді шырайлы шығыспен байланыстырған 184 шақырымдық жол салған жалғыз ел еді. Павлодар облысындағы Ақсу қаласын Шығыс Қазақстан облысындағы Дегелеңмен қосатын темір жол желісі саяси, экономикалық және әлеуметтік жағынан да маңызды сипатқа ие болатын. Ең басты атап өтерлігі, жол құрылысына жұмсалған қаржы шетелдік инвесторлардың емес, сол кезде Республикалық мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіндегі «Қазақстан темір жолы» ұйымынікі еді. Тәуелсіздіктің жаршысы болған Ақсу – Дегелең темір жолының арқасында мыңға жуық жұмыс орыны ашылып, магистраль бойындағы ауылдар тіршілігі жандана түсті. Әсіресе, республиканың Қытай, Вьетнам, Оңтүстік-шығыс Азия елдері үшін тартымдылығы артып, Ресей мен Еуропаға олардың транзиттік жүгін айналма жолсыз, тікелей өткізу мүмкіндігі ашылған-ды. Экономикалық жағына келетін болсақ, еліміздің өнеркәсіп орындары көп шоғырланған республика облыстары арасындағы бұрынғы айналма жол қашықтығы 600 шақырымға дейін қысқарып, жаңа бағдар арқылы жүк тасымалының шығындары бастапқы жылдары 15-20 пайыздарға, кейін одан да көп көрсеткіштерге азайды. Ал бұрын Керекуден Абай еліне бару үшін немесе кері бағыттқа қатынау үшін жолаушы және жүк пойыздары Ресейдің Құланды, Локоть станциялары арқылы айналып жүретін. Бұл жол шығынымен қатар мемлекетаралық шекарада тексеру процедураларынан өтуге көп уақытты қажет ететін. Жаңа жолдың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Елбасы: – 1986 жылдан бері Қазақстан бірінші рет темір жолды дамытуға оралып отыр. Бұл біздің экономиканың өсіп-өрлеуімен, қор жинақтау мүмкіндігімен байланысты. Бүгін, ел тәуелсіздігінің он жылдығы қарсаңында Ақсу – Дегелең темір жолын іске қосу – ең бағалы сый. Бір қарағанда, біздің орасан зор республика үшін бұл телім не болған? Бірақ, мұның артында үлкен істер күтіп тұр. Біз бұдан әрмен қарай Шар мен Өскеменді, солтүстік пен батысты қосатын жаңа жолдар құрылысына кірісеміз, – деген-ді.  –1998 жылы 7 мамырда Ақсу қаласында жаңа темір жол құрылысының іргетасы салынды. Ал екі жылға жетпейтін аз уақытта, яғни 2000 жылдың 8 желтоқсанында Көктөбе станциясында түйісу болды. 2001 жылдың 19 маусымында Ақсу – Дегелең темір жолының ашылу салтанаты өтті. Бұл оқиғаның маңыздылығы сол, қалың жұрт жиналған салтанатты шараға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Ол кісі бұл жобаға үлкен қолдау көрсетіп, құрылыстың жүргізілу барысын бастан-аяқ өзі қадағалады. Бүгінде Ақсу – Дегелең темір жол желісі өзінің қарапайым күйін кешіп, жолаушылар және жүк тасымалына қызмет етуде. Осы жолдың салынуымен тіршіліктің жандана түскеніне ел куә, – дейді темір жол ардагері, көп жыл Павлодар жол бөлімшесін басқарған Құрметті теміржолшы Әби Сарқыншақов. Ал егеменді елдің ең бірінші темір жол құрылысына қатысу бақытына ие болған, темір жолдың белгі беру және байланыс саласында 45 жыл тер төккен азаматтардың бірі, бүгінде зейнеттегі теміржолшы  Марат Исағалиев сол күндерді былай деп еске алады: –Темір жол саласында қызмет атқарған көп жылдың ішінде мен үшін ерекше жоба Ақсу – Дегелең болды. Маған Қазақстанның тұңғыш өзі салып жатқан  Ақсу – Дегелең темір жолының аралығындағы Жұмыскер  станциясының негізгі 111-інші стативін монтаждау жүктелген болатын. 2001 жылдың наурыз айының 20-сында Көкшетау Бас дистанциясы, Жаңаесіл, Бурабай курорты   бөлімшелерінен топталған СОБ, байланыс мамандары, автожүргізуші, вагон жолсерігі болып, небәрі оншақты адам өзіміздің вагонмен Жұмыскер станциясына келіп жеттік. Келген жерімізге қарасақ мидай дала, он шақырым қашықтықтан соң ғана елді мекен көрінеді. ЭЦ постының тек сырты мен төбесі бітіп, сыртқы жұмыстары  ғана  жүргізілген екен, электр жүйесі станцияға келмеген, ауыз су алатын жер де жоқ, СОБ, байланыс қондырғылары іште де,  темір жол бойында да орнатылмаған. Бізге бәрін «нөлден» бастап, екі-үш ай ішінде Жұмыскер станциясын толықтай бітіріп, пайдалануға тапсыру жүктелді. Сонымен өзімізбен алып келген көшпелі электростанциямызды жұмыс істеген кезде ЭЦ постының, ал жатарда вагонымыздың электр жүйесіне қосып жұмысымызды бастап кеттік. Бұйрықтың аты бұйрық емес пе... Тапсырманы мезгілінде орындау үшін уақытпен санаспаймыз, кешкі тамақтан соң да түнгі сағат 1-2-лерге дейін жұмыс істейміз. Жұмыскер станциясын мамыражай мамыр келгенде бытықана қаптап кетпесі бар ма? Бір күні кіріс бағдаршамын орнату үшін күні бойы жол бойында болдым, бетіме қонған бытықаналарды сыпырып салып ешнәрсені сезбей жұмысты әрі қарай жалғастыра бердім. Екінші күні таңертең  ұйқыдан тұрсам бетім ісіп кеткен, көзім әрең ашылды. Осыдан кейін далаға шығарда бытықанаға қарсы дәрі жағып немесе тордан жасалған бас киім алдырып киетін болдық.  Міне, зейнеткер теміржолшы естелігінен Ақсу – Дегелең темір жол құрылысының қандай қиын да күрделі жағдайда жүргізілгенін, теміржолшылардың қажырлы еңбегі мен қызметтеріне деген адалдығының арқасында салынып шығып, ел игілігіне берілгенін байқаймыз.   Бүгінде біз он  бес жыл бұрын Елбасының Ақсу – Дегелең темір жолының ашылуы барысында республиканың дамып, өрлеуіне түрткі болар темір жол магистральдарын салу туралы айтқан сөздерінің, берген тапсырмаларының нақты іске асырылып, батыл қадамдарының жемісті нәтижесін бергенін ел болып көріп отырмыз.

Сұлугүл БАКЕСОВА

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды