Қазақстан мен Ауғанстан теміржол саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруда

Жаңалықтар
21.04.2026, 14:59

Астанада темір жол ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) кеңесі алаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов Ауғанстан Қоғамдық жұмыстар министрінің темір жол көлігі мәселелері жөніндегі орынбасары Сахебзада Мавлави Мұхаммед Исхакпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар жүк тасымалдау мен инфрақұрылым мәселелерін қоса алғанда, екіжақты салалық ынтымақтастықты дамытуды талқылады. 

Келіссөздер барысында жүк тасымалы көлемі тұрақты өсім көрсетіп отырғаны атап өтілді: 2026 жылдың алғашқы 3 айында бұл көрсеткіш 77% артып, 1 млн тоннаны құрады. Экспорт пен транзит көрсеткіштерінің өсуі, сондай-ақ қазақстандық астықты, қара металдарды, химиялық, минералды тыңайтқыштар мен ұнды жеткізудің айтарлықтай кеңейе түскені атап өтілді. 

Мысалы, қазақстандық ұнның Ауғанстанға экспорты 291 мың тоннаға дейін өссе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37% артық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға бағытталған ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін қуаттады.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды