Маңғыстау-Алматы бағытында пойыз бірінші болып Арысқа жолға шықты

Жаңалықтар
16.08.2019, 13:15

№377/388 Маңғыстау-Алматы бағытының пойыз бастығы Мирамбек Сембаевтың бригадасы кешегі Арыс оқиғасына байланысты жолда қалған жолаушыларға қызмет көрсеткендерін мақтан тұтады.

− Арыс қаласында жарылыс болып, бірнеше күн станцияға пойыздар кіре алмай, тоқтап жатқан кезде Алматыдан Маңғыстауға қарай біздің пойыз бірінші болып жолға шықты. Бізге дейінгі №377 пойыз Жезқазған жолымен айналып, Сексеуіл арқылы жолға түскен. Біз де Алматыға сол жолмен жүріп, мегаполиске жеткенімізде «Арыстың жолын ашты» деген хабар алдық. Біздің алдымыздағы Алматы-Маңғыстау пойызы жүрмей, халық қолындағы билетпен жолда қалған екен. Сондықтан осында комиссия құрылып, берілген орындардан артық адам алып, құрамаға Алматыдан төрт, Қызылордадан бір вагон жалғанып, өзіміздегімен жиырма вагон болды. Жолсеріктердің жұмысы бұрынғыдан екі есе артық болды, яғни бір жолсерік енді бірнеше вагонға қызмет көрсетуге тура келді. Бірақ бірде-біреуі реніш білдірмей, халыққа жүгіріп жүріп қызмет көрсетті. Қанша шаршап-шалдықсақ та онсыз да жол азабын тартқан халыққа жағдай жасауға тырыстық. Есесіне қаншама жолаушылар алғыс айтып, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар батасын беріп кетті, – деген пойыз бастығы тағы бір қуанышымен бөлісті.

Айтуынша, алматылық әріптестері секілді №377/378 бағыттағы маңғыстаулық пойыз жолсеріктерінің де ауылында той болар күн алыс емес. Жуырда олар өз қызметтерін қанша жыл армандаған су жаңа вагондарда көрсететін болады.

− Бүгінде Маңғыстауға заманауи талапқа сай, керемет вагондар келіп жатыр. Жақын күндері бізге де сондай вагондар беріледі деп күтіп отырмыз. Қазір пайдаланудағы вагондар 30-35 жыл бұрын шыққан, әбден ескірген, жолшыбай халық та, біз де қиналамыз. Маңғыстау-Алматы жолы бұрынғыдан едәуір қысқарғанымен, өзгелеріне қарағанда бәрібір ұзақ, ауыр бағыт. Пойызда жас балалар, егде жастағылар, қан қысымы жоғары жолаушылар жиі кездеседі, – дейді пойыз бригадирі.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау-Астрахань бағытындағы жолаушы пойызында жолсерік болып бастаған ол аптап ыстыққа шыдай алмай ауа салқындатқыш құрылғысы жоқтығына жиі шағымданатын жолаушыларға жаңа вагонда қызмет көрсетер күнді бүкіл бригада асыға күтіп жүргенін жеткізді.

Жаңалықтар
02.09.2024
Отбасы тәрбиесі ұлықталды
Әлеумет
02.09.2024
Қызылордада балаларды мектепке дайындау шарасы жалғасып жатыр
Әлеумет
02.09.2024
Теміржолшылар әулеті жеңіс тұғырынан көрінді
Жаңалықтар
02.09.2024
Теміржол саласында реформа жасау үшін тариф жүйесі қайта қаралуы керек – Президент
Әлеумет
02.09.2024
Укрзалізниця инклюзивті вагон шығаруды қолға алды
ҚТЖ келбеті
02.09.2024
Теміржолшы әулеттерімен кездесу өтті (Фото)
01.09.2024
ҚТЖ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді
Жаңалықтар
30.08.2024
«Нұрлы жол» вокзал кешені ҚР Ұлттық музейінің бірегей материалдарымен безендірілді
Қауіпсіздік
30.08.2024
Болашақ станциясында оқу-жаттығу өтті (Фото)
Инфрақұрылым
30.08.2024
Ақтөбеде күрделі жол жөндеу жұмыстарының 70 пайызы аяқталды
Әлеумет
30.08.2024
Кәсіподақ ұйымдары балаларға оқу құралдарын таратты
Әлеумет
30.08.2024
Теміржолшылардың балаларына қолдау көрсетілуде
Әлеумет
30.08.2024
Шымкентте 3 мыңға жуық балаға көмек көрсетіледі
Жаңалықтар / Мұрағат
30.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №74 30 тамыз 2024 жыл
Жаңалықтар
29.08.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі Industry Power байқауының жеңімпазы атанды
Жаңалықтар
29.08.2024
Абай облысының әкімдігі мен ҚТЖ басшылығы Семейдегі балалар темір жолын іске асыруды талқылады
Аймақтар
29.08.2024
Абай облысында жүк тасымалдау 4,8 млн тоннаға дейін өсті
Әлеумет
29.08.2024
Семейде «Мектепке жол» акциясы өтті
Жаңалықтар
29.08.2024
Атбасарда локомотив құрастыру зауытының капсуласын салу рәсімі өтті
Әлеумет
29.08.2024
Жамбыл бөлімшесі 292 балаға оқу құралын сыйлады