Құжат жетілдіріле түсті

Жаңалықтар
21.11.2019, 23:01
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Парламент Мәжілісі теміржол көлігі мәселелеріне қатысты заң жобасына енгізілген түзетулерді қарады. 20 қарашадағы Мәжілістің жалпы отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов заң жобасын таныстырды. Оның айтуынша, бұл құжат Мемлекет басшысының Жолдауда айтқан теміржол тасымалында тарифті белгілеудің ашықтығын күшейту және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігі туралы тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында жасалған.

– Негізгі жаңалықтар жолаушылар тасымалын субсидиялаудың ашық жүйесін құруға, жүк жөнелтушілердің жасырын транзит схемаларын пайдалануын болдырмауға және кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, жолаушылар қозғалысында локомотив тартымының жеке операторын құру арқылы жолаушы тасымалдаушыларды мемлекеттік бюджеттен субсидиялау механизмі өзгертіліп, ол бюджет қаражатының тікелей алушысы болады, – деді министр.

Бұл теміржол жолаушылар тасымалын қолдауға мемлекеттік субсидиялар бөлу рәсімдерін жеңілдетуге мүмкіндік береді және барлық іске қосылған компаниялардың шығыстары мен кірістерінің ашық есебін жасайды. Сондай-ақ, заң жобасында жасырын транзит схемасы бойынша жүк тасымалдау мүмкіндіктерін алып тастау бойынша нормалар көзделген, бұл ҚР-ның Орталық Азия елдері арасындағы транзиттік оператор ретіндегі позициясын күшейтуге мүмкіндік береді.

Түзетулердің жеке бөлігі кірме жолдар қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Осылайша, алдағы уақытта қызметтерді тұтынушылар кірме жолдар иелерінің заңсыз, үстем және монополистік әрекеттерінен заңнамалық деңгейде қорғалатын болады. Айта кету керек, жаңа құжат жүк жөнелтушілердің компанияларына оң әлеуметтікэкономикалық әсер етеді деп болжауға болады, транзиттік тасымалдардан түсетін кірістердің өсуін болжайды және бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді.

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды