Семейде Республика күніне орай үстел теннисінен біріншілік өтті

Спорт
30.10.2025, 09:20
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар Республика күні мерекесіне орай үстел теннисінен жекелей және командалық біріншілік өткізді. Бөлімшенің кәсіподақ ұйымы ұйытқы болған бұл бәсеке бір есептен салалық кәсіподақтың 120 жылдық мерейтойымен орайластырыла ұйымдастырылды.

Бұл күні байтақ желі бойынан келген теннисші теміржолшылар қауымы Семей қаласындағы ең үздік теннис клубына жиналып, өзара шеберлік сынасты. Айта кетерлігі, осынау бәсекеге бұрыннан бері үстел теннисін серік етіп жүрген кіл спорт шеберлері жиналған болатын. Сондықтан да болар, сайыс барысы өте тартысты әрі қызықты өрбіді. Байқауға барлық мекемеден жанкүйерлер де мол жиналды.

Десекте қазылар алқасына біріншілік жеңімпаздарын анықтау қиынға түскен жоқ. Көп ұзамай-ақ үздіктер қатары мәлім болды.  

Атап айтсақ, қыздар арасында өткен жекелей сында осыған дейін бірнеше дүркін бөлімше және қала мен облыс чемпионы атағын жеңіп алып жүрген жергілікті «Қазтеміртранс» Семей филиалының жас спортшысы Айгерім Тоқпанова бірінші орынды иеленді. Екінші орынды бұрын танылмаған жас есім НОД-ЖТ қызметкері Анар Мұстафағалиева алса, жүлделі үшінші орынға НЖС-6 бөлімшесінен қатысқан Айгерім Қайнарқызы лайық деп танылды.  

Сол тәрізді ерлер арасындағы өткізілген әр жастағы сында ТЧЭ-24 мекемесінен келген Рустам Сұлтанбеков пен ШЧ-29 байланысшысы Рустам Мұхаметжановтар бірінші орынды айқын басымдықпен жеңіп алды. Ал, екінші орынды Семей станциясынан Ернат Алин мен Асқар Есенаманов иеленсе, жүлделі үшінші орын ТЧЭ-24 мекемесінен келген Қайрат Қарақанов пен НЖС-6 қызметкері Бауыржан Көкенов сынды әуесқой теннисшілерге бұйырды.

Осы орайда команалық есеп бойынша бас жүлдені Семей магистральдық желі бөлімшесі алса, екінші орынды ШЧ-29 мекемесі иеленді. Үшінші орынға Семей локомотив пайдалану депосы лайық деп танылды.

Барлық жеңіпаздарға салалық кәсіподақ ұйымының атынан бағалы сыйлықтар мен мақтау грамоталары салтанатты түрде табыс етілді.  

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды