Жұмыс үдерісін жоғары бағалады
Жаңалықтар
18.10.2016, 11:56
Қазақстан – Қытай шекарасында орналасқан мемлекетаралық шекаралық түйісу станциясы Достықта контейнерлік пойызды өңдеу үдерісі бар-жоғы 4 сағатты құрайтынына Қытайдың Үрімші темір жолдарының өкілдері осы жылдың 10-14 қазан аралығында аталған станцияға жасаған жұмыс сапары барысында көз жеткізді. Меймандар бұл жолы станцияда қайта тиеу операцияларының барысымен танысып, қазақ теміржолшыларының жұмысты ұтымды ұйымдастыру тәсіліне тәнті болды.
Достық – Еуропа мен Азия арасында темір жол көлігімен жүк тасымалын қамтамасыз етіп отырған шекаралық станция. Достық станциясында атқарылатын контейнерлік пойыздарды қайта тиеу процесі бірнеше кезеңдерден тұрады. Оның ең маңыздысы пойыздарды қытайдың тар табанды темір жолдарынан кең табанды біздің жолдарға қайта тиеу табылады. Бұл жерде жүк құрамын өңдеу операцияларына шекаралық-кедендік аймақтардан өту және ілеспе жүк құжаттарын тексеру процедуралары кіріп отыр.
Біркелкі тәртіпке салынған жұмыс сұлбасының арқасында, қазақ-қытай шекарасын қиып өтетін пойыздарды қабылдап-жөнелту үдерісі жеделдетілді. Контейнерлік құрамды қабылдау, вагондарды түсіріп және қайта тиеу үшін қажет уақытты, санаулы ай ішінде 6 сағаттан 4 сағатқа дейін қысқартуға қол жеткіздік. Өткен күнге оралсақ, тәуелсіздік алған алғашқы жылы, яғни ҚХР мен Қазақстан арасында жүк және жолаушылар қатынасы енді орнығып, әрекет ете бастаған шақта, Достық станциясының өткізу қабілеті тәулігіне барлығы 32 вагонды құрайтын еді. Ал қазіргі таңда теміржолшылар тәулігіне 1000 вагонға дейін немесе жылына 20 млн тоннаға дейін жүкті өңдей алады, – дейді Достық станциясы директорының логистика жөніндегі орынбасары Жандос Әбдуманапов.
Осы арада, атап өтерлігі, шекаралас аймақ теміржолшылары арасындағы ынтымақтастық ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жібек жолын өркендету және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиняның «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуін» дамыту бойынша идеяларын жүзеге асыруға мақсат етіліп отыр. Бұл Азия-Тынық мұхиты аймағы, Таяу Шығыс, Шығыс және Батыс Еуропа елдерін байланыстыратын, Қазақстан аумағында қосымша трансқұрлықтық бағдардың жасақталуына мүмкіндік бермек.
Шетелдік делегация өкілдері жұмыс сапары барысында Достық станциясындағы қайта тиеу үдерісін бақылап, реттейтін барлық нысандардың жұмысымен танысып, Қытайдан Еуропаға бағыт алған контейнерлік пойызды қайта тиеу үдерісінің куәгері болып, қазақстандық әріптестерінің өндірісті жеделдетуде қол жеткізіп отырған жетістіктерін ризашылықтарын білдірді.
Кездесу соңында Үрімші темір жолдарының мамандары қазақстандық әріптестерінің жұмыс деңгейін жоғары бағалап, қайта тиеу үдерісінің шапшаңдығына тәнті болғандарын атап өтті. Делегаттар біздің елдің теміржолшыларының тиімді жұмысы мен техникалық әлеуеті арқасында, Қазақстан аумағы арқылы Азия-Тынық мұхиты аймағынан Еуропаға бағытталған, жүктердің еш кедергісіз және уақытылы жеткізілетініне кепілдік беретініне сенім білдірді.
Сөз реті келгенде, қазақ-қытай темір жолы әкімшіліктері ынтымақтастығының соңғы бес-алты жыл төңірегінде күшейе түскенін айтар едік. Мысалы, 2015 жылы Қытайдан Еуропаға бағыт алған 375 контейнерлік пойыз ұйымдастырылып, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 65 пайызға артқан болатын. Ал кері бағытта 202 контейнерлік пойыз ұйымдастырылған. Жалпы былтыр жалпы көлемі 55,5 мың ДФЭ-ні құрайтын 648 транзиттік контейнерлік пойыз ұйымдастырылып, қазақстандық теміржолшылар жұмыла көтерген жүк жеңіл боладының жарқын үлгісін көрсеткен еді. Ал қытайлық теміржолшылардың кешегі іс сапары барысында Достық станциясындағы қайта тиеу жұмысын оң бағалауы сөзімізге айқын дәлел болып отыр.
Сұлугүл БАКЕСОВА
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл