Коронавирус қауіпсіздігі: қашықтан жұмыс істеуге көшті

Жаңалықтар
20.03.2020, 09:15

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтың төрағалығымен бүгінгі күннің ахуалына байланысты селекторлық кеңес өтті. Оған өңірлердегі жол бөлімшелерінің басшылары қатысты.

ҚР Президентінің 2020 жылдың 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайлар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес және «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері арасында COVID-19 коронавирус індеті таралуының алдын алу мақсатында компания басшылығының арнайы бұйрығы шығарылып, сонымен қатар аталған індет пандемиясына байланысты төтенше жағдайды басқару жөніндегі штаб құрылғанын хабарлаған Қанат Әлмағамбетов осыған орай кейбір категориядағы қызметкерлер қашықтан жұмыс істеу формасына ауыстырылып жатқанын жеткізді. Олар - зейнет және зейнеталды жастағы, созылмалы аурулары бар азаматтар, жүкті әйелдер, көпбалалы ата-аналар. Сондайақ үйінде отырып жұмыс істеу құқына ие, үш жасқа дейінгі балалары бар, балаларын жалғыз тәрбиелеуші және қарауында мүгедек баласы немесе зейнет жасындағы қарттары бар компания қызметкерлері екен.

– Пайдаланылмаған еңбек демалысы бар қызметкерлер негізгі жұмысына нұқсан келтірместен демалысқа кете алады. Сондайақ бұйрықта компанияның әкімшілікбасқарушылық құрамы үшін ыңғайлы жұмыс кестесіне көшіру жайы қарастырылған. Қызметкерлердің ҚР аумағы бойынша және одан тыс жерлерге жолсапарлары алынып тасталды, – деп мәлімет берді Қанат Әлмағамбетов.

Селекторлық кеңесте сонымен қатар, барлық теміржол қызметкерлеріне коронавирус індеті таралуын болдырмау мен алдын алу бойынша ұсыныстарды қатаң ұстануы бұйырылды. Соның ішінде жеке гигиеналық сақтықты күшейту, қолды үнемі жуып жүру, жұмыс орындарында қолғап пен медициналық бетпердені барынша пайдалану, т.б. шараларды сақтау - міндет.

– Жедел респираторлы вирустық инфекцияның белгілері пайда болған кезде жұмысқа шығуға болмайды. Тікелей басшыны хабардар ету жеткілікті. Толық жазылғанға дейін сырқат парақшасын ашу үшін дереу дәрігерге жүгіну керек. Осы ақпаратты өз ұжымыңыздың барлық мүшесіне жеткізіңіздер, өз өңірлеріңізде ТЖ режимін енгізгенге дейін күтпеңіздер, қазірден бастап шара қабылдаңыздар, – деді Қанат Әлмағамбетов.

Бұл ретте ол жұмыс орнында барынша физикалық байланыстарды шектеу қажеттігін, соның ішінде мысалы қол беріп амандасу, құшақтап көрісу сынды байланыс формаларынан бас тартуды, қажетті жағдайда шетелдік азаматтармен іскерлік келісім-шарттарды телефон немесе бейнебайланыс режимінде жүргізуді ұсынды. Айта кетейік, коронавирус пандемиясының жариялануына орай елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты бүгінгі таңда еліміздегі жолаушылар пойыздарында, әр рейстен кейін оларды жуу мен зарарсыздандыру құралдарын пайдаланып өңдеу, санитарлықпрофилақтикалық режим күшейтілді. Бүгінгі күнге дейін коронавирус індетінің теміржолшылар арасында таралу дерегі тіркелген жоқ.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді