Қоқаев Мұрат Бекбергенұлы дүниеден өтті

Жаңалықтар
15.04.2020, 08:59

2020 жылдың 10 сәуірі күні 52 жасында Құрметті теміржолшы Мұрат Бекбергенұлы Қоқаев дүниеден өтті.

Мұрат Бекбергенұлы 2003 – 2019 жылдары «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамында басқарушы лауазымдарды атқарды.

Әскерилендірілген темір жол күзеті саласында көп жыл адал еңбек еткен ол талай шығармашылық бастамашылыққа дәнекер бола білді. Ол тасымалдау процесінің ерекшеліктерін, атқыштар командаларының күзет жасақтары мен шұғыл әрекет ететін оңтайлы топтарын ұйымдастыру және басқару әдістерін терең меңгерген, сондай-ақ теміржол әкімшіліктерінің, оның ішінде ТМД мемлекеттерінің өкілдерімен іскерлік қатынастарды жүргізе білген сауатты басшы еді.

М.Б. Қоқаевтың әскерилендірілген теміржол күзетінің дамуына қосқан қомақты үлестерінің бірі – тексеріп қарау іс-шараларын жүрізуге және террорлық қатынасқа осал объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметтердің «Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы үшін жаңа бағыттарын енгізуі болды. М.Б. Қоқаев алдына қойылған міндеттерді сауатты әрі тиімді шеше білетін жауапты және талап қоя білетін басшы еді. Жігерлі, талапшыл, қол астындағы қызметкерлерге қатынасы өте жақсы болды. Белсенді өмір салтын ұстанатын. Ұжымда құрметті және беделді болды.

Теміржол саласындағы адал әрі ерен еңбегі үшін көптеген ведомстволық марапаттармен, оның ішінде «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

«Әскерилендірілген темір жол күзеті» акционерлік қоғамы мен «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көліктері қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ «ӘТЖК» филиалының басшылығы мен ұжымы Мұрат Бекбергенұлы Қоқаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына және туғантуыстарына қайғырып көңіл айтады. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді