Еңбек қорғау ілімі

Жаңалықтар
21.10.2016, 13:10
Денсаулықты жоғалту оңай, ал қалпына келтіру қиын. Бұл қағида әсіресе техникалық саладағы еңбек барысында тіптен өзекті саналады. Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша аталмыш қызметкерлер адами фактор бойынша қауіпсіздікті сақтауда биыл тың табыстарға қол жеткізіп отыр. Еңбекті қорғау инженеріне қойылар талап та, міндет те көп. Мәселен, ҚР Еңбек кодексі мен әкімшілік құқықты білуде заңгер десек, өндіріс барысында жарақат алған адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуде дәрігер деуге болады. Бұған қоса, технологиялық процесс, техникалық құрылғыларды бақылау мен жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп, қатардағы теміржолшыларға дәріс беруде – педагог. Әлбетте, мұның сыртында пойыздар қозғалысы, электр қауіпсіздігі, өрттің алдын алу, санитария, нормативтік материалдармен жұмыс, БАҚ арқылы үгіт-насихат жүргізу сынды өзге де мәселелер жетіп артылады. Мұның барлығы аталмыш саланың зор жауапкершілігін айғақтайды, – дейді НЖС-6 бойынша еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишев. Қазіргі таңда Семей магистральдық желі бөлімшесін қамти алғанда, әр мекемеде 11 еңбекті қорғау инженерлері өнімді қызмет атқаруда. Соның ішінде теміржолшылар өмірі мен денсаулығын сақтауда бірде бір оқыс оқиғаға жол бермеген мамандар бар. Атап айтсақ, Семейдегі Гүлзавира Елемесова жетекшілік ететін ПЧ-39 бен Аягөздегі Ардақ Абылғазинов жұмыс жүрізетін ШЧ-30 мекемесінде соңғы 20 жылда еңбек қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жайттарға мүлде жол берілмеген. Яғни, осынша уақыт аралығында жарақат алу түгілі бірде бір теміржолшы саусағын қысып алмауы немесе жұмыс орнында сүрініп құламауы, расында да еңбекті қорғау инженерлерінің жұмыстағы жетістігі саналса керек. Жомарт Слямқанұлының айтуынша, магистральдық желі бөлімшесі бойынша бұл басты жаңалық емес көрінеді. Ерекшелеп айтар тағы бір жайт, желі бойындағы кәсіпорындардағы еңбекті қорғау инженерлерінің барлығы да бір лауазымда ұзақ жылдардан бері тапжылмай қызмет атқарып келеді. Сонымен қатар, Семей жол дистанциясының техникалық дәрісханасынан арнайы еңбекті қорғау мүйісі ашылған. Онда өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, психологиялық кеңес, кәсіптік аурулар туралы суреттер мен қызықты фактілер арқылы мол мағлұмат берілген. Мұндай арнаулы орын Ұлттық компания құрамындағы өзге бөлімшелердің ешбірінде жоқ көрінеді. Біздің міндетіміз теміржолшылардың денсаулығын сақтап, қызмет бойынша өлім-жітімге ұшырау тәуекелділігін төмендету ғана емес, қатардағы жұмысшылар өмірінің ұзақтығын да қамтамасыз ету. Бұл ретте желі бойына іссапармен шығып, инструктаж өткізуден бөлек қосымша жұмыстарға да баса мән береміз. Мәселен, үнемі ізденіс жүргізу нәтижесінде қызметімізге түрлі жаңашылдықтар енгізудеміз. Қазіргі таңда еңбекті қорғау бойынша кәсіпорындардағы үздік іс-тәжірибелерді насихаттаудамыз. Ерекшелеп айтқанда, еңбекті қорғау өз алдына үлкен бір ілім, – дейді Семей жол дистанциясында 22 жыл бойы табан аудармай еңбекті қорғау инженері қызметін атқарып келе жатқан Гүлзавира Қайырбекқызы.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл