Қызметіне тәнті болдық

Жаңалықтар
21.10.2016, 17:23
Жуырда №379-380-ші Алматы – Орал жолаушылар пойызы мен сапар шеккен біз жолсеріктердің қалтқысыз қызметіне тәнті болдық. Біз №15 купелі вагонда жайғасқан едік. Вагон  іші  мұнтаздай  тап-таза. Төсек-орын, жамылғы кіршіксіз аппақ. Бәрі орын-орнында тұр. Біздің вагонның жолсерігі жылы шырайлы, ширақ қимылды жігіт болып шықты. Үлкен-кішіге бірдей ілтипат көрсетіп,  «жолдарыңыз болсын!» деп сәттілік тілесе, енді бірде  «жақсылап, жайғасып алыңыздар, әлдене қажет болса, қымсынбай айтыңыздар» деді. Әп сәтте шәй да дайын болды. Арқа-жарқа шай ішіп, жанға жайлы тыныштық пен жайлылықта емін-еркін дем алдық.  Кешкісін жолсерік тағы бір аралап өтіп, хал-жағдайымызды сұрады. Әңгімелесе келе, ширек ғасырға жуық жолсерік  қызметін абыроймен атқарып келе жатқан Бекболат Қоқаевтың өз мамандығын мақтан тұтатыны және жұмысына адалдығына тәнті болдық.  «Пойызға әрқилы адамдар мінеді. Біреуі сыпайы, енді бірінің  мінезі қиындау. Біздің міндет солардың бәрімен де тіл табысып, оларға қызмет ету», – дейді Бекболат Абдуллаұлы. Діттеген жерімізге демалып, аман-есен жеткен біз ертесі қонақжай үй иесіндей болған жолсерік Бекболат Қоқаевпен қимай қоштастық.

Айнұр Қонарбаева, Ақтау қаласы

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл