Отандық рельстер жеткізілуде

Жаңалықтар
21.10.2016, 17:28
 Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асырып отырған  сүбелі жобалар аз емес. Мыңдаған шақырым жол салынып, темір жол машиналары мен қажетті бөлшектерін шығаратын зауыттар пайдалануға беріліп, түпкі мақсат – бұрынғыдай ипмортқа тәуелділікті жойып, қолданысқа отандық өнімдерді енгізу бірте-бірте жүзеге асып келеді. Сондай ірі жобалардың бірі – Ақтөбедегі рельс зауыты. Өткен жылы іске қосылған зауытта шығарылған рельстер бүгінде Алматы – Шу бағытындағы екінші жолға төселіп жатыр.   Ұзындығы 70-120 метр болатын отандық рельстерді ұзартып, 800 метрге жеткізуге Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорны  өз үлесін қосуда. Мұнда бүгінгі күні Ақтөбе рельс зауытының алғашқы партиялары  жеткізіліп, жұмыс өнімділігін арттыруда. Жыл соңына дейін кәсіпорын 150 км отандық рельсті дәнекерлеу керек болса, қазір жоспар бойынша соның  30 км жеткізілген. Өнім уақтылы жеткізіліп тұрса, жыл соңына дейін жоспарлы межеге жетеміз деген сенімде луговойлықтар. Ал кәсіпорынның алдағы, яғни 2017 жылғы жоспары 295 км рельсті дәнекерлеу болып белгіленіп отыр екен. – Қазақстанда жасалған өнім, яғни Ақтөбе рельс зауытында шығарылған рельстер қазір біздің мекемеге және Көкшетаудағы рельс дәнекерлеу кәсіпорнына тасымалдануда. Ұзындығы 70, 100, 120 метр рельстерді дәнекерлеуде жұмыс өнімділігі артып отыр. Жыл соңына дейін кәсіпорын 150 км рельс дәнекерлеп шығу қажет. Бүгінгі күнге жоспар бойынша алғашқы партиямен келген отыз км рельсті дәнекерлеп, ұзартып, өндіріске жөнелтіп жатырмыз. Қазір рельс дәнекерлеу цехында жұмыс қауырт. Жігіттер төрт ауысымда күндіз-түні жұмыс жасауда.Рельстерді қабылдап алатын эстакаданы да өз күшімізбен тұрғыздық. Мұнда қысы-жазы рельстер түсіріледі. Яғни, жыл он екі ай жұмыс тоқтамайды. Жұмыс өткен жылы қараша айында басталған болатын. Енді эстакаданың үстін жабу үшін ұлттық компанияға сұраныс жасап отырмыз, – дейді Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Қайрат Терлікбаев.  Кәсіпорынның бас инженері Тұрғынбек Қожабекұлының айтуынша, арнайы Ақтөбеден рельстерді тасымалдау үшін арнайы роликті алты платформа әзірленіпті. Яғни, Ақтөбеде шығарылған 70 метрлік рельске бөлек, 100 және 120 метрлік рельстерге де бөлек платформалар дайындалған. Бұл платформаларды бес механик арнайы сүйемелдейді екен. Ал рельстерді түсіретін эстакада технологиялық процестердің басы. Мұнда бір келгенде үш жарым км рельс келеді. – Келген рельстерді түсіріп, дәнекерлеу жұмыстары бір-екі күннің ішінде бітеді. Елімізде шығарылып жатқан рельстердің сапасы ресейлік рельстерден еш кем емес. Қозғалыс қауіпсіздігін ескеріп, жылдамдықты арттыруда шыдас береді, –дейді бас инженер. Расында, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнындағы жұмыс жандана түскенін көзбен көрдік. Біз барғанда мұнда ұзындығы 70 және 100 метрлік рельстер түсіріліп жатыр екен. Отандық өнім. – Бұрын ресейлік рельстердің ұзындығы 25 метр болса, оны 800 метрге дейін ұзартуда арасы 32 жерден дәнекерленетін. Ал Ақтөбеден келген рельстердің ұзындығы 70-120 метр аралығында. Бұл өндірістің өнімділігін арттыруда. Яғни ұзындығы 100 метрлік рельстерді 800 метрге дейін ұзартуда тек сегіз жерден ғана дәнекерленеді. Бір келгенде төрт км  рельс келеді. Жұмыс ауқымды. Бірақ біздің мамандар бәріне үлгеріп отыр. Біздің кәсіпорында дәнекерленіп, ұзартылған рельстер Тәтті – Аспара – Шу телімдеріне төселуде. Қазір мұнда жұмыс жасап жатқан мамандардың барлығы дерлік Тараз қаласындағы оқыту орталығында «топтаушылар» бойынша оқып, біліктіліктерін көтеріп келді, – деді жұмыстың басы-қасында  жүрген рельс дәнекерлеу цехының аға шебері Қанат Әлпейісов.

Ерман Әбдиев, Луговой

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл