Қазақстанда билет кассалары ашылды

Жаңалықтар
19.05.2020, 08:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бір жарым ай уақыт карантиндік шектеу шараларынан кейін 15 мамырда алғаш рет елімізде барлық теміржол вокзалдарында жолаушылар пойыздарына билеттер сатыла бастады. 1 маусымнан бастап ішкі теміржол қатынастары кезеңкезеңімен қалпына келтірілмек. Осыған орай "Нұрлы жол" вокзал кешеніне жасалған пресс-тур барысында вокзал басшылығы мен "Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері журналистерге мәлімдеме жасады.

– Коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін Көліктегі бас мемлекеттік дәрігер пойыздар мен вокзалдарда санитарлықкарантиндік режимді қамтамасыз ететін бірқатар талаптар енгізді.

Атап айтқанда, жолаушылар тасымалы саласындағы Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгі уақытша санитарлы-карантиндік нормаларына сәйкес жолаушылар теміржол вокзалы ғимараттарында маскамен және бір-бірінен 1 метрден кем емес арақашықтықты сақтап тұруы керек. Вокзал кіреберісінде жолаушыларды тексеру үшін байланыссыз термометрия жүргізіледі. Дене қызуы жоғары адам вокзалға кіргізілмейді.

Вокзал аумағында тұрған адамдар арасында әлеуметтік қашықтықты ары қарай да сақтау үшін еденге қашықтық белгілері сызылып, касса залдары мен күту залдарында орналастырылған орындықтарда қашықты сақтау туралы нұсқамалар белгіленген, қабырғаға тақырыптық флаерлар ілінген. Жолаушылар үшін белгілі қашықтық пен санитарлық нормаларды сақтау қажеттігі туралы ескертпелер вокзалдардағы аудио және бейнетарату құралдары арқылы да жүргізіледі, – деді «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы жөніндегі атқарушы директоры Жұбан Көрпебаев.

Бүгінде ауа ылғалдылығы мен температура сының қолайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін ауаны тазалап, желдету жүйелерін жуу, зарарсыздандыру, сүзгісін ауыстыру арқылы ревизия жүргізу жұмыстары басталған. Вокзалдарда табиғи желдету мүмкіндіктері арқылы барлық ғимараттар 15 минуттан күніне 3 рет тазартылып отырады. «Жолаушылар тасымалы» АҚ маркетингтік сату департаментінің директоры Алмас Жандарбекұлы әлі де індет қаупі сейілмегендіктен вокзалда адамдардың өзара байланысын барынша төмендету үшін билеттерді BILET. RAILWAYS.KZ сайты, «ҚТЖ билеттері» мобилдік қосымшасы, өзге де сайттар мен өзіне өзі қызмет көрсететін автоматтар арқылы алуға кеңес берді. Сондай-ақ бұрын рәсімделген билеттерді ретімен, билет кассаларында жаппай кептеліс туғызбай өткізу керек.

– Үш кезеңмен билет сату басталды. Бірінші кезеңі бүгін ашылды. Қазір Қазақстан бойынша 179 билет кассасы тек күндізгі уақытта жұмыс жасап тұр. Дәл бүгін 15 мамыр түске дейін елімізде 23 мың жолаушылар билеті ішкі қатынас бойынша сатылды. Пойыздар карантин жағдайындағы Атыраудан басқа жерлерге жүре алады, бір айта кетерлігі, 1 маусымда пойыздар жүре бастағанда вокзалдарға жолаушыларды шығарып салушылар кіргізілмейді. Пойызға мінетін адам жол жүру құжатын көрсеткен соң ғана вокзал ғимаратына кіре алады, – дейді ол.

Теміржолшылардың денсаулық жағдайына қатысты қатаң талаптар қойылып отыр, атап айтқанда, барлық қызметкерлер ауысым алдында термометриямен міндетті тексеруден өтіп, жеке/қоғамдық гигиена ережелерін сақтауы қажет.

Сонымен қатар COVID 19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша міндетті нұсқаулықтан өтіп, оларды бұлжытпай орындауды қадағалау – теміржол вокзалдары мен пойыздар қызметкерлеріне қойылатын қатаң талап. Вокзалдардың барлығында жолаушылар қолымен ұстайтын терезе, қабырға, еден, есік тартпалары, тұтқалары, орындықтар мен өзге де жерлерді зарарсыздандыру, жиі тазарту арқылы күшейтілген санитарлық режим қамтамасыз етілетін болады. Қазіргі таңда еліміздегі вокзалдарда масканың 1,5 айлық қоры бар көрінеді. Билет алып жатқан жолаушылар да бұл жағдайға түсіністікпен қарайтынын білдірді.

«Қызылорда облысының Тереңөзек станциясына билет алуға тұрмын. Билет бұрынғыдай сатылып жатыр. Вокзалда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау талап етілуде. Тек қана бір дәлізбен кіргізіп, бір дәлізбен шығарып салады. Маскамызды тағып, билет кассасына кезекке тұрғанда едендегі сызылған белгі бойынша арақашықтықты сақтап тұрмыз. Бәрі де қауіпсіздік үшін екенін жақсы түсінеміз, сондықтан талапты бұлжытпай орындауға мүдделіміз», – дейді кезекте тұрған Асқар Жақыпбек есімді елорда тұрғыны.  

Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты