Ауыр салмақты пойыздар тиімділігі 

Жаңалықтар
25.10.2016, 12:16
        Семей жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша өткен жылы тұңғыш рет ауыр салмақты эксперименттік пойыз Семей – Аягөз – Ақтоғай бағытын бетке алып сапарға шыққан еді. Сонау кеңестік кезеңнен кейін қайта басталған тың жоба қаншалықты деңгейде жүзеге асып жатыр және тиімділігі қандай, шолу жасап көрген едік...         Өткен жылдың есепті мерзімінде Семей теміржолында тек 3200 және 3800 тонналық салмақтағы пойыздар ғана жүйткіген болатын. Ал ағымдағы жылы бұл көрсеткіш 6 300 тоннаға дейін жоғарылатылды. Шығынның азаюы есебінен локомотив тартымдылығы ұлғаюда. Бұл ретте жолдың балдық сапасының жақсаруы ауыр салмақтағы жылжымалы құрамдарды сапарға шығаруға мүмкіндік бергені белгілі. Жүкті жылдам әрі қауіпсіз жеткізу экономикалық кірісті еселей түсетіні белгілі. Нәтижесінде биылғы науқандық жүк тасымалы бойынша өндірістік көрсеткіш анағұрлым жоғарылаған. Жаңа бастамаға орай, телімдер бойында тәжірибелік-эксперименттік пойыздар жолға шығарылды. Динамометриялық вагондар арқылы жасалған сынақ Локоть – Семей – Шар – Ақтоғай аралығында жол сапасының жақсы екендігін дәлелдеді. Нәтижесінде аталмыш телім бойынша тасымалданатын жүк салмағы 3 800-ден 4 500 тоннаға дейін жоғарылатылды. Ал Қаражыра көмір кенішінен басталатын қара алтын тасқыны толассыз Ақсу-1 – Семей аралығындағы жол телімі техникалық талаптардың барлығына сай келіпті. Бұл бағытта қазіргі күні салмағы тіпті 6 300 тонналық аса ауыр жылжымалы құрамдар қатынайды. Бұған қоса, Дегелең станциясынан республиканың әр түкпіріне, одан ары жақын шет мемлекеттерге көмір тиеп аттанатын пойыздар саны да артқан. Биылғы бір ерекшелік, бөлімше бойынша жүк тасымалы шілде айынан бастап күрт қарқын алыпты. Оған жоғарыда айтылған «Қаражыра» ЛТД көмір кеніші тапсырысының артуы себеп болып отыр. Бұл тарапта тағы бір жаңалық бар. Осыған дейін көмір кенішінің өз басындағы Угольная станциясынан тиелген қара алтынды Дегелеңге дейін жекеменшік компания тасымалдайтын-ды. Ал қазіргі күні кеніш басшылығы бұл жұмыстарды Семей бөлімшесінің атқаруын сұрап отыр. Бүгінгі таңда қажетті құжаттамалар рәсімделуде. Соның аясында, алдағы аптада Қаражыра мен Дегелең аралығындағы 90 км болатын телімге эксперименттік пойыз шығарылмақ. Бұл шаруа жыл соңына дейін күшіне енсе, локомотив бригадаларының жұмыс сағаты тағы да арта түседі деген сөз. Дәл бүгінгі күні екінші класты Дегелең станциясында тапсырысқа сай, жоспар бойынша тәулігіне 420 вагон жүк тиеліп, әрқайсысы 70 вагоннан тұратын ауыр салмақтағы 6 жылжымалы құрам жолға шығады. Бұл өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда анағұрлым жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, бұл шара локомотив паркі үшін зор үнемділік әкелді. Осы ретте, Семей жүк тасымалдау бөлімшесінің басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, биыл ауыр салмақтағы пойыздарды өткен жылмен салыстырғанда 250 пойызға арттыру жоспарлануда. Сонымен қатар, жүк тасымалын арттырып қана қоймай, қауіпсіз әрі жедел жеткізу, контейнерлік пойыздардың бағыттық жылдамдығын арттыру мақсатында өндіріске тың жаңалықтар да енгізілуде. Оның бір дәлелі, бөлімшедегі Жаңа-Семей станциясынан аттанған, күллі республика бойынша тұңғыш рет қолға алынған жұптық негіздегі шаттл пойызы болып отыр. Иә, бүгінгі жаһандық экономикалық күрделі ахуалда бұл шаралардың ел әлеуетін арттыруға қосар еселі үлесі бар. Осы орайда жүкті жылдам жеткізудегі ұтымдылық Семей станциясындағы маневрлік жұмыстар мен вагондарды өңдеу ісіне де қарқын беруде. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, алдағы уақытта Семей жол бөлімшесі бойынша кәсіби біліктілікті арттыру және техникалық тұрғыдан жарақтандырылу, өндіріске жаңашыл технологияларды енгізу сынды жаңғырту жұмыстары жалғасын беретін болады.  

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

 
Әлеумет
17.06.2026
10 мыңнан астам теміржолшы баласы лагерьде демалады
Инфрақұрылым
17.06.2026
Алтынкөл – Жетіген теміржол инфрақұрылымы учаскесін жаңғырту жүзеге асырылды
Әлемде
17.06.2026
Stadler төрт осьті жүк электровозын таныстырды
Жаңалықтар
17.06.2026
Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетуге келісті
Аймақтар
16.06.2026
Қарағанөзек станциясында теміржолдан өту ережесін бұзған 20-ға жуық адам анықталды
Жаңалықтар
16.06.2026
«Нұрлы жол» вокзалындағы бірегей теміржол мұражайы 300 астам келушіні қабылдады
Жүк тасымалы
16.06.2026
ҚТЖ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тасымалына 70% жеңілдік енгізді
Жүк тасымалы
16.06.2026
Қазақстандағы жүк айналымының 57%-ы теміржол арқылы жүзеге асырылады
Цифрландыру
16.06.2026
Ұлттық компания теміржол қауіпсіздігін цифрлық жүйелер арқылы күшейтуде
Аймақтар
16.06.2026
Келбеті келіскен вокзалдар көз тартады
Аймақтар
16.06.2026
Ақтөбедегі зауыт Р50 рельсін өндіруді бастады
Аймақтар
16.06.2026
Атырау теміржолшылары жаңартылған Ата Заңның маңызын талқылады
Темір жол тарихы
16.06.2026
Шежірелі шойын жол тарихы
Спорт
16.06.2026
Маңғыстау теміржолшылары бильярдтан үздіктерді анықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
16.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №46 16 маусым 2026 жыл
Әлемде
15.06.2026
Биыл «Қытай-Орталық Азия» бағытында 15 мыңнан астам пойыз жөнелтілген
Қауіпсіздік
15.06.2026
Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу дерегі азайған
Аймақтар
15.06.2026
Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
15.06.2026
Кабул дәлізінің құрылысы қақтығыстарға қарамастан жүргізіледі
Жаңалықтар
14.06.2026
ҚТЖ еріктілері балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бірегей теміржол мегамузейіне саяхат ұйымдастырды