Қауіпсіздік талаптары қатаң тексерілді

Жаңалықтар
04.06.2020, 18:42

1 маусымнан бастап жолаушы тасымалы жандана бастағаны аян. Пойыздар жүрмес бұрын оған жанжақты дайындық жасалып, қауіпсіздік талаптары қатаң тексерілді.

Мысалы, Қызылорда вокзалында «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық теміржол филиалы қызметкерлері оның пандемия жағдайындағы қызметімен танысып, дайындығын тексерді.

Вокзал кіреберісінде жолаушылардың дене қызуы тексеріліп, ғимарат ішінде санитайзер қойылған. Қызметкерлердің барлығы маска, қолғаппен қызмет көрсетеді.

Вокзалдағы барлық бөлмелер дезинфекциялық құралдармен зарарсыздандырылған. Қашықтықты сақтауды көрсететін белгілер орнатылған. Сондай-ақ, вокзалда медициналық пункт пен карантин аймағы қарастырылған.

Мұнда дене қызуы көтерілген жолаушылар тексеріледі. Осының барлығы жолаушылар тасымалын барынша қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік беретін болады.

Ал 1 маусымнан бастап республика бойынша 54 жолаушылар пойызы іске қосылғаны белгілі. Оның ішінде Қызылорда облысы орталығынан жүретін 5 жұп: №21/22 «Семей-(Алматы)-Қызылорда-Семей», №55/56 «Көкшетау-Қызылорда-Көкшетау», №75/76 «Петропавл-Қызылорда-Петропавл», №117/118 «Қызылорда- (Жезқазған)-Нұр-Сұлтан-1-Қызылорда» және №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» пойыздары жүре бастады.

Барлық жолаушылар тасымалы санитарлық-дезинфекциялық талаптардың қатаң сақталуымен орындалатын болады. Бұл ретте, жолаушылар сапарға шығу үшін термометриялық процедурадан өтеді. Темір жол вокзалына және Әуежай ғимаратына тек жолаушылар ғана жіберіледі.

Сондайақ, жолаушылар отырғызу/түсіру кезінде 1,5-2 метр қауіпсіз әлеуметтік арақашықтықты сақтауы қажет. Жолға шығарда жолаушының міндетті түрде өзімен бірге жеке қорғаныс құралдары – бетперде, санитайзер болуы тиіс.

Теміржолшылар жолаушыларды тиісті санитарлық дезинфекциялық талаптарды орындай отырып, карантин режимін сақтауға шақырады. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді