Жаз - жолаушы маусымы

Жаңалықтар
09.06.2020, 10:03

Жаз маусымы – халықтың демалыс алып, әрі-бері сабылып, жолаушылар ағынының көбейетін кезі. Елімізде орын алған карантиндік жағдайға қарамастан биыл да демалушылар легі аз емес көрінеді. Бір айдан аса уақыт тоқтап қалған пойыздар қозғалысы қайта іске қосылып, халық билет сатып алуға лап қойғаны сөзіміздің дәлелі болса керек. 

Пойыздар қозғалысы іске қосылған 1 маусымнан күні бүгінге 645 мың адам билет сатып алған.

Соның ішінде жаз демалысына шығып саяхаттаушылар қатары аз емес.

Айта кетерлігі, биыл жылдағыдай Түркия немесе Дубай асып шет елде демалушылар күрт азайып, оның орнына отандық демалыс аймақтарына барушылар көбейген.

«Жолаушы тасымалы» АҚ Алакөл курортты аймағына қатынайтын бірнеше ірі қаладан шағын құрамдар шығарып отырғаны туралы хабарлағанбыз.

Алакөл курортты аймағына пойызбен жолаушы халық Алматы бөлімшесінің шекарасында орналасқан Жалаңашкөл станциясына дейін барады.

Магистральдық желі дирекциясы директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Абай Досановтың мәліметінше, осыған орай Магистральдық желі бөлімшесінің вокзал шаруашылығы ол жерде күн мен желден, жаңбырдан қорғанатындай төбесі жабық аялдама іспеттес ықтасын орын-жай салуды қарастырып жатыр екен.

Сондай-ақ, Жалаңашкөлде платформаны ұзарту жұмыстары да қоса-қат жүргізіліп жатқан көрінеді. Бірақ, бұл станцияда вокзал салуға қажеттілік жоқ.

Неге десеңіз, бұл адам ағыны – тек маусымдық кезең. Ал қалған маусымдарда бұл жерде жолаушылар атымен жоқ деуге болады. Әрине, вокзалдар – әлеуметтік нысан әрі шығыны көп. Олардың күтімін жасап ұстап тұру үшін қыруар қаржы керек.

Қазақстан теміржолының өн бойындағы вокзалдар бір кездері жергілікті билік қарамағында болып, оларды ҚТЖ қайтарып алғаны белгілі. Ұлттық компания оларды жөндеп, бірқатарын жаңадан салып, қалпына келтірген соң бүгінде әкімдікке қайта өткізіп жатыр.

Себебі, барлық дамыған елдер тәжірибесіне сүйенсек, әлеуметтік нысан болған соң вокзалдар күтіміне кететін шығынға қаржыны жергілікті билік, қалалық бюджет бөледі.

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді