Карантиндік режим сақтыққа үйретті

Жаңалықтар
20.07.2020, 21:09

Елімізде індеттің беті қайтар емес. Екі апталық карантин тамызға дейін тағы созылды. Дәл осы кезде халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар санитарлық шараларды күшейтіп, бұрынғыдан да қатаң қарауы маңызды. Әсіресе, бұл талап халық жөңкіліп жүретін теміржол вокзалдарына қатысты. 

Қазір жаз мезгілі. Әдетте, бұл – адам жүрісі көбейетін уақыт. Алайда, бұрын ығы-жығы болып жататын теміржол вокзалы мен автобекетте әрі-бері сабылып жүрген жұрт жоқ.

Себебі де белгілі, баяғыдай той тойлап, қыдырыстайтын кез емес. Дегенмен, айналамызды індеттен мейлінше сақтауымыз, қорғауымыз керек. Жуырда жолымыз түсіп Алматы-1 вокзалындағы санитарлық талаптардың қалай орындалып жатқанын көзбен көрдік. Әуелі кіреберіс маңдайшасына ілінген Covid-19 індеті кезінде карантин талаптарын ескеруге қатысты ақпараттық жаднамамен таныстым.

Вокзалға кірген сәтте алдыңыздан тексеру дәлізі шығады. Онда сіздің сөмкеңіз бен өзіңіз тексеруден өтесіз. Медициналық маска тағу міндет ті. Онсыз ішке енуге рұқсат жоқ. Қарсы алдыңызда, көпшілікке көрінетін жерде санитайзер тұр.

Ал қолына тепловизор құралын ұстаған маман қызуыңызды өлшейді. Егер қызуыңыз көтеріліп тұрса, ішке кіруге рұқсат жоқ. Сол жердегі медициналық пунктке жібереді немесе өз дәрігеріңізге хабарласуыңыз керек.

Айтпақшы, қауіпсіздік ережелері бойынша вокзалға тек қолында билеті бар жолаушылар ғана кіре алады, шығарып салушылар ішке жіберілмейді. Бұл бас санитар бекіткен алгоритмде бекітілген. Бұл індет біздің елді де сырт айналмайтыны әу бастан белгілі болды. Күн тәртібіне бұрынсоңды болмаған жаңа ережелер енді. Өмір сүру құндылығы да өзгерді. Адаммен қарым-қатынас жасау кезінде де сақтық шарасына бағынатын болдық. Онсыз таралу қарқыны тез вирусты ауыздықтау мүмкін емес. Міне, дәл осы жаңа ереже теміржол вокзалын бұрынғыдан да тазалыққа, тәртіпке келтіргені байқалады.

Санитарлық талапқа сәйкес, бірнеше еден жуушы күту залын залалсыздандыру үшін сәт сайын ылғалды сумен сүртіп жүр. Маска таққан жолаушылар арақашықтықты сақтап, билет алуға кезекте тұр.

Ол үшін арнайы жолақтар да көрсетілген. Билет сататын кассалар кесте бойынша таңғы сағат 9-дан түнгі 12-ге дейін жұмыс істейді. Билет алатындар үшін кіретін жеке есік қарастырылған. Біз әңгімеге тартқан Қайрат есімді азамат Семей қаласына билет алуға келгенін айтады.

«Негізі қазір карантин уақыты. Қоғамға зиянымызды тигізбес үшін үйде отыру керек. Семейге құжат мәселесі бойынша шұғыл баруыма тура келді. Құдай «Сақтансаң – сақтаймын» дейді ғой, өзім барынша сақтық шарасын ұстанамын. Вокзал ішіндегі санитарлық талап та көңілімнен шықты. Әрине, опыр-топыр жолаушы жоқ. Дегенмен, біздің халық маска тағуға, арақашықтық сақтап, кезек күтуге үйреніп қалғаны да байқалады», – дейді ол.

Бір қызығы, бұл індет вокзал есігінің алдынан «Билет керек пе?» деп күтіп алатын алыпсатарлардың да жұмысын тоқтатқан сияқты.

Себебі, қазір қала арасына қатынайтын пойыздардың да толық құрамы жүріп жатқан жоқ. Кейбір пойыздар қысқарды. Біреуі жүрсе, екіншісі уақытша тоқтап тұр. Оның үстіне халық та онлайн өмірге үйреніп қалды.

Билетті де интернеттен сатып алуға әдеттеніп келеді. Сондықтан бұдан былай алыпсатарлардың қызметіне нүкте қойылуы әбден мүмкін. Қысқасы, біз Алматы-1 вокзалының санитарлық талаптарын, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын сырттай бақылап, іштей риза болдық. Халық карантиндик режимге бойұсынған. Тағы да мәліметке қаныға түсу үшін Алматы-1 вокзалының инженері Дулат Жамаловқа жолығып, сөзге тарттық.

Оның айтуынша, «Covid-19 індетінен сақтану үшін Алматы-1 вокзалында жолаушыларды антисептик құралдарымен қамтамасыз ету үшін арнайы жауапты тұлға бекітілген. Залал- сыздандыру құралы күту залында, дәретханаларда, дәліздерде ілінген. Қалаға келген және қаладан шығатын жолаушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түспес үшін бөлек есіктер де қарастырылыпты. Вокзалдағы барлық қызметкерлер медициналық маска және қолғаппен қамтылған. Оны жұмыс орнында тағу міндетті.

Сондай-ақ, қызметкердің бәрі ауысымнан кейін медициналық қаралымнан өтеді екен. Қазіргі кезде вокзал арнайы күзет агенттігімен келісімге келген. Олар вокзалға келген жолаушының қызуын термометрмен өлшеу жұмысын мойнына алса, вокзалды дезинфекциялау мен тазалығына «Д-Сервис» ЖШС клинингтік компаниясы жауап береді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы арбалар бар. Оларды пойызға отырғызып жіберуге және күтіп алуға да жағдай жасалған. Бүгінде вокзалдың дәл осы жандарға арналған дәретханасы кеңейтіліп жатқан көрінеді. Бұған қарап, біздің қоғам әр адамның орнын бағалау құндылығын біртіндеп бойға сіңіруді үйрене бастаған екен деп қуандық. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді