Соғыс ардагері - 103 жаста

Жаңалықтар
21.07.2020, 11:24

Қандыағаш жол дистанциясының Ұлы Отан соғысының ардагері Артем Алексеевич Проскурня 103 жасқа толды. Көп жасаған қарияны әріптестері туған күнімен құттықтап барды.

Артем Алексеевич теміржол көлігіндегі еңбек жолын соғыстан келген соң, яғни 1945 жылы бастады. Ол жол дистанциясында жол монтері болып жұмыс істеп, сол кездегі қызығынан қиындығы мол кәсіпті 32 жыл абыроймен атқарды. Ал 1977 жылы көп жылғы бейнетінің зейнетін көруге құрметті демалысқа шықты.

Қарт жауынгердің кеудесінде «Москваны қорғағаны үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков», «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» сынды соғыста және еңбек майданында алған марапаттары, басқа да мерекелік медальдар жарқырайды.

Жүзден асқан соғыс ардагерін Қандыағаш жол дистанциясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қалыбек Шарипов, қала әкімінің орынбасары Жандос Көлбаев, тораптық ардагер кеңесінің төрағасы Кенжебай Майсутов, жол дистанциясының жетекші инженері Сания Білімова бар бір топ азамат атаулы датасымен құттықтап барып, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы мерекелік медалін кеудесіне тағып, 135 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлық табыс етті.

Әріптестері қарияға елде болып жатқан коронавирус пандемиясына байланысты Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтауға енді мүмкіндік туғанын жеткізіп, Артем Проскурняға денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі. Қарт жауынгер арнайы келіп құттықтағандарға зор алғысын білдіріп, еңбекте табыс тіледі. 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді