Ережелерді қатаң сақтауға дағдыланған

Жаңалықтар
03.11.2016, 15:59
Маңғыстау вагон пайдалану депосының қылышын сүйрете жететін «кәрі құданы» қарсы алуға «бес қаруы» сайлаулы. Жұмысшылар қыстық киім-кешек,  жұмысқа қажетті құрал-сайман, басқа да ұсақ-түйекпен түгел қамтамасыз етілді. Кәсіпорынның қытымыр қысқа даярлығы, жұмыс ережелері мен нұсқаулықтары, еңбек қауіпсіздігі жайлы әңгімелеген депо директорының орынбасары Майлыбай Камаловтың мәліметінше, жыл басынан бері 356 вагон ағымдағы жөндеуден  өткен. Бұл өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 70-ке артық.  Сонымен қатар жалпы 825 885 вагон тексерістен өткізіліп, оның ішінде 705 083 жүк вагонын, 120 802 жолаушылар вагонын құраған. Жүк тиеуге берілген 33 555 вагон бақылаудан өткен. Сонымен қатар, көтеру механизмдері мен кран балкала, тарту құрылғылары сынды техникалар күтіміне  аса көңіл бөлініп, жоспарлы-профилактикалық жұмыс бойынша «Еңбек қауіпсіздігі күндері» үздіксіз жүргізіледі. Ең бастысы, депо басшысының айтуынша,  теміржолшылар бекітілген жұмыс ережелерінен аттап өткен емес. Мәселен, мекемедегі жас мамандарға дейін жұмыс уақытында алаңдауға, ұялы телефонмен сөйлесуге, музыка тыңдап, ойларын сан-саққа жүгіртуге болмайтындығын, тапсырылған жұмыс уақытылы жасалуы тиістігін жақсы біледі және қатаң сақтайды. ─ Бізде еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптары күнделікті қатар жүреді. Жұмысшы-қызметкерлер соған әбден жаттыққан. Мысалы,суық күндері бой жылытатын жұмысшылар бөлмесі шағын ғана болғанымен, онда қажетті нұсқаулықтар мен ескерулер ілініп, еңбек қорғау бұрышымен қамтылған. Төргі бұрышта жарақаттанушылыққа жол бермеудің он түрлі ережесі көрсетілген. Мысалы, нұсқаулық алмай жұмысқа кіріспеу, арнайы киімсіз, бұзылған құрал-саймандармен жұмыс істемеу, жеке қорғану киімін киюді ұмытпау, жұмыс орнын ластамау, тағысын тағы ережелер жазулы тұр. Тәртіптің мықтылығынан айналамыз таза, тастанды, тұрмыстық қалдықтармен бүлінбеген, – дейді Майлыбай Камалов. Маңғыстаулық вагоншылардың техникалық пайдалану ережелерін қатаң сақтауға дағдылануы нәтижесіз емес, соңғы жылдары өндірісте бірде-бір бақытсыз оқиғаға жол берілмеген.  

Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл