Шетелден бір вагон гуманитарлық жүк жетті

Жаңалықтар
14.08.2020, 10:37

Түбек теміржолымен Маңғыстау облысына шетелден COVID-19 пандемиясымен күреске арналған бір вагон медициналық гуманитарлық жүк жетті. Шетелдік жүк тиелген вагон Маңғыстау станциясында қабылданып, қажет қызметтер көрсетілді.

Вагон станция тұйығына ағытылып, сол жерден қажет жеріне жүктелді. Онда жалпы көлемі 3,5 тоннаны құрайтын медициналық бұйымдар бар. Атап айтқанда, 500 мың медициналық бетперде, 40 мың көпфункционалды дезинфекциялық құралдар, 144 термометр және т.б.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, бұл жүктер өңірдің Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Бейнеу, Түпқараған, Мұнайлы және Қарақия аудандарының медициналық мекемелеріне үлестірілмек.

Маңғыстаудағы індетпен күреске арналған мұндай көмекке ACE GROUP трансұлттық компаниясының инвесторлары мұрындық болды. Аталған компания елімізде жалпы құны шамамен $200 млн болатын логистика саласындағы ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Инвестициялық жоба Шығыс Азиядан Каспий маңы аймағына өнім жеткізудің тиімді тізбегін дамытуды көздейді.

− Медициналық гуманитарлық көмек жүгі тиелген вагонды Қытай елінің Ляньюнгань портынан JIANSU ACE ALLOY CO LTD компаниясы жөнелткен. Қазақстанның Алтынкөл станциясы арқылы экспортталған. Бізге №2104 пойызымен №60993946 вагоны, ТGHV 4407898 40 тонналық контейнермен келді. Жіберуші тарап Қытай болса, қабылдаушы тарап Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы деп көрсетілген, – дейді бұл туралы Маңғыстау станциясы бастығының орынбасары Ақсұлу Бейсенова. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады