Өз «Локомотиві» бар

Жаңалықтар
11.11.2016, 11:35
Ақыртөбе станциясында тұратын бес мыңға жуық халықтың дені – теміржолшылар. Жуырда станцияда шағын футбол алаңы ашылып, оған теміржолшылар жарық тартып, су жеткізіп берді. Енді алаң қоршауын сырлап бермек. Айта кетерлігі, бұл шағын футбол алаңының ашылуына негізі ауыл тұрғындары мұрындық болған. Ақыртөбе станциясының бастығы Ізбасар Үсіпбеков футбол алаңы ашылған аумақта бұрын стадион болғанын айтады. Шаңы аспанға көтеріліп жататын алаңды заманауи үлгіде қайта жасақтау ауыл азаматы Анатай Қазмахановтың бастамасымен қолға алынып, пайдалануға беріліп отыр. Сигнал беру және байланыс дистанциясының учаске бастығы Әуелхан Базылбаев алаңды  ашуға ауыл жастары құлшына кірісіп, өз күштерімен жүргізгенін жеткізсе, аудан спортының ардагері Әбілқасым Қайымбердиев алдағы күндері футбол алаңы маңынан волейбол және жаттығу алаңдары бой көтеріп, аумақта спорттық кешен болатынын жеткізді.  Осындай игі шараның ортасынан табылған «ҚТЖ» ЖТ» АҚ филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесінің қызметкері, осы ауылдың тумасы Тұрсын Райымов та өз тарапынан демеушілік жасап, ауылдастарын қуантты. «Станция тұрғындарының бастамасына қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған Жамбыл бөлімшесіне осы ауылдың тумасы ретінде өз атымнан алғысымды білдіремін. Бүгін ашылу салтанатына келген жастар арасынан талай спортшылар шығарына сенімдімін», – деді ол. Станциядағы шағын футбол алаңының ашылу салтанатына орай шағын футболдан жарыс өтіп, оған жеті команда қатысты. Ал теміржолшылардың демеушілігіне риза болған станция тұрғындары шағын футбол алаңын бірауыздан «Локомотив» деп атады.

Ерман ӘБДИЕВ, Ақыртөбе

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?