Жолсеріктер: карантин бізге не үйретті?

Жаңалықтар
29.10.2020, 19:11

Жуырда «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Солтүстік» аймақтық филиалында болып, жолаушы тасымалындағы ең басты тұлға – жолсеріктер қызметімен таныстық. Коронавирус пандемиясына байланысты бүгінде тек ішкі рейстерді ғана қамтамасыз етіп отырған филиал қызметкерлерінің тілегі – қауіпті індеттің беті қайтып, толыққанды жұмысқа көшу. 

Жолсеріктер Жансерік Қараман мен Арман Сыздықовтың еңбек өтілдері сәйкесінше 18 жыл мен 12 жылды құрайды екен. 

– Биылғы жыл тек біздің елге ғана емес, барша адамзат баласына қиын тиіп отырғаны белгілі. Жолаушылар тасымалына қызмет көрсетіп, үйдегісінен түздегісі көп жұмысқа үйренген, өзге қалалар немесе мемлекеттерді аралап, жолда жүретін жолсеріктер үшін айлап үйде отыру – ең алдымен моральдық тұрғыда қиын болды. Алайда биылғы жылдан түйгенім бар. Ең алдымен, «бірінші байлық – денсаулық» деген жай сөз емес екен. Көп нәрсе өзгерді. 

Бұрын бетперде киіп жүрген адамнан сескенетін болсақ, қазір керісінше кимегеннен күдіктенеміз. Әр рейске кіріспес бұрын медициналық тексеруден өтеміз. Бетперде мен қолғап, басқа да қорғаныш құралдары өміріміздің ажырамас атрибутына айналды. Әу басында бетперде киіп жұмыс істеген ыңғайсыз болған еді, оған да үйрендік. Қауіпті індеттің көз ілеспес жылдамдықпен таралып жатқанын көрген соң кім де болса сескеніп, ең алдымен сақтықты алға шығарған заман болды. Ал біз тек өзіміз үшін ғана емес, вагондағы бүкіл жолаушы үшін жауаптымыз. Түрлі адамдар бар, әсіресе жастар жағы жауапсыз, маған вирус жұқпайды деп қарт кісілерге қауіп төндіреді. Олардың бәріне түсіндіреміз деп өзіміз дәрігер болып қалдық, қысқасы, карантин бізге көп нәрсе үйретті. Жалпы, байқайсыз ба, бұрынғыдай емес, адамдар етек-жеңін жиып, сақтыққа ден қойды, – дейді Жансерік Қараман. 

Ал Арман Сыздықовтың айтуынша, карантиннің жақсы жағы да болған, көп нәрсеге, ең бастысы көпшілікті тазалық пен тәртіпке үйретті. 

– Көліктегі бас санитарлық дәрігердің барлық жолсеріктер міндетті түрде бетперде мен қолғап кию керек деген қаулысы бар. Жолаушыларды вагонға отырғызбас бұрын біз құжатпен бірге бетпердесі болуын талап етеміз. Әрине, ауру жұқтырған адам болса маскадан не пайда? Сондықтан вагонда да жолаушылардың жай-күйін бақылап, мазасызданып, қызуы көтеріліп жатқан жоқ па, бақылауда ұстаймыз, вагон ішінде бұрын тек белгілі уақытта тазалық жұмыстарын  жүргізетін болсақ, бүгінде екі сағат сайын жуып, тазалап, тұтқаларды залалсыздандырып, ауа тазартып, жолаушылар арасындағы ара қашықтықтың сақталуына дейін қадағалаймыз, – дейді. 

Жансерік Қараман сонау 2002 жылы жұмысқа кірерде бірнеше кезеңнен өткенін айтады. Айтуынша, жолсеріктің жұмысында жауапкершілік көп. 

– Жолсерік жұмысын алдымен қала маңындағы тасымалдан бастайды. Одан кейін еліміздегі қалалар арасында қатынайтын жолаушылар вагонында, содан кейін шет мемлекеттерге қатынайтын вагондарда жұмыс атқарады. Қазіргі таңда, мен ел ішінде қатынайтын вагондарда жолсерік болып жүрмін. Карантинге дейін халықаралық бағыттағы пойыздарда, Ресей, Украина сынды мемлекеттерге қатынадым. Қазіргі таңда вагондардың сапасы, сервистік қызметі әлдеқайда артқан. Жолаушылардың басым бөлігі жаңа типті вагондарға үйренген. Іші кең, қыста жылы, жазда үнемі салқындатқыш қосулы тұрады, – деп сыр шертті жолсерік жігіт. 

Арман Сыздықов теміржолға кездейсоқ келген. «2008 жылы жұмыс іздеп жүріп «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Солтүстік» филиалына жолсерік қызметіне бос жұмыс орнына конкурс жариялағанын көріп қалдым. Бағымды сынап көрейін деп құжат тапсырдым. 


Барлық конкурстан сүрінбей өтіп жұмысқа қабылдандым. Алғашқы жыл дары жолдағы өмір, түрлі адамдармен қарым-қатынас, жалпы жолаушы сервисіне қызмет көрсетудің қыр-сырын үйрену оңай болған жоқ, кейбіреулер жұмыстан шығып та кетті. Уақыт өткен сайын бұл жұмыс маған ұнай түсті. 

Міне, биыл 12 жыл болды, көп нәрсеге үйрендік, салаға да бауыр басып кеттік. Кешегі карантин кезінде жұмысты қатты сағындым», – деп күледі Арман. 

Айта кетерлігі, әлемді шарпыған пандемия ел экономикасына оңайға соқпағаны белгілі, жолсеріктер, жалпы карантин кезінде жұмыссыз үйде отырып қалған теміржолшылар үшін Ұлттық компания еңбекақыларының жетпіс пайызын төлеп отырған.

Жақында жолсеріктер онлайн-режимде өткен семинар-тренингке қатысыпты. «Өте тиімді шара болды. Компанияның білікті коучтары жолсеріктер үшін стреске төзімді, қырағы болу және ең бастысы жолаушылармен тіл табыса білу ерекшеліктері жайлы көп нәрсе айтты. Жолаушы сервистік қызмет сапасына риза болуы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз», – дейді Жансерік Қараман. 

Әлеумет
31.05.2026
Армандар орындалады
Жолаушылар тасымалы
31.05.2026
ҚТЖ пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
Әлеумет
30.05.2026
Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды
Жолаушылар тасымалы
30.05.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ багаж тасымалын цифрландыру бойынша пилоттық жобаны сынақтан өткізіп жатыр
Жаңалықтар
30.05.2026
Теміржолшыларға алғашқы көмек көрсету дағдылары мен төтенше жағдайдағы әрекеттері үйретілді
Жаңалықтар
30.05.2026
ҚТЖ Балаларды қорғау күні қарсаңында қызметкерлерінің 100 дарынды балаларын қолдады (ФОТО)
Жаңалықтар
29.05.2026
ҚТЖ үздік рационализаторларды марапаттады
Жолаушылар тасымалы
29.05.2026
ҚТЖ жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
Жаңалықтар
29.05.2026
Көлік министрлігі Ақтау портының акваториясын тереңдету жобасын талқылады
Аймақтар
29.05.2026
Теміржол энергетиктерінің қажырлы еңбегі
Аймақтар
29.05.2026
Ревизорлар неге алаңдайды?
Қауіпсіздік
29.05.2026
Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді
Аймақтар
29.05.2026
Сыр өңіріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен семинар-кеңес өтті
Аймақтар
29.05.2026
Алты жасар ақнұрдың жетістігі
Жаңалықтар / Мұрағат
29.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №41 29 мамыр 2026 жыл
Жаңалықтар
28.05.2026
ҚТЖ мен РЖД жүк тасымалын цифрландыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойды
Аймақтар
28.05.2026
Жақсылықтың жаршысы еді...
Спорт
28.05.2026
Қызылорда теміржолшылары арасында бильярд турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жүк тасымалы
28.05.2026
ТХКБ арқылы жүк тасымалы алты есеге артып, Қазақстанның ықпалы күшейді
Әлемде
28.05.2026
Vossloh компаниясы Швецияда бағыттамалық бұрма шығаратын зауыт ашты