Ляньюньган форумы: құрлық пен теңіз түйіскенде

Жаңалықтар
17.11.2016, 18:37
  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев бастаған делегация сәрсенбі күні Қытайдың Ляньюньган қаласында «Жаңа Еуразиялық құрлықтағы экономикалық дәліз көпірін құру» атты халықаралық форумға қатысты. Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамытуда аспан асты елімен ортақ жобалардың, атап айтқанда  Ляньюньган портындағы қазақстан-қытай бірлескен терминалының  маңызы зор екені белгілі. Форум барысында сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жетекшісі портты қала Ляньюньганды «Жаңа Еуразиялық құрлық көпірінің шығыс қақпасы, Жібек жолының құрлық пен теңіздегі түйісетін тұсы» деп атап, ондағы қазақстан-қытай бірлескен терминалының көліктік-логистиканы дамытып, Азиядан Еуропаға жүк тасымалдаудағы рөлін жоғары бағалады. Қ. Алпысбаевтың айтуынша, Ляньюньган портының қолайлы географиялық орналасуы, Қытайдың қалалары мен порттарымен темір жол және теңіз коммуникациялық сабақтастығы Қазақстанмен ықпалдасуына және өңірдегі елдердің халықаралық логистикалық тізбекке қосылуына ықпал етеді. Жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекетаралық «Бір белдеу – бір жол» және «Нұрлы жол» экономикалық Жібек жолы стратегиялық серіктестік белдеуін жүзеге асыруға ынталандыру нәтижесінде Қытай – Еуропа бағдарында 2020 жылдары контейнер санын екі миллионға жеткізуге мүмкіндік бермек.  Қанат Қалиұлы, сондай-ақ  көліктік-логистикалық даму туралы және Қазақстанның транзиттік әлеуеті мәселесіне тоқталды. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша еліміздің көлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.  Қазақстан ел ішінде және шетелдегі маңызды орындарда логистикалық желілік орталықтарын құрып, Еуропалық құрлыққа бағытталған жүктерді шоғырландыру мен дистрибуциялық өңдеуді жүзеге асыратын терминалдық желіні жасақтау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыра бастағанын сөз етті.  Қазіргі таңда, мысалы  Қазақстан аумағы арқылы құрлықтық сауда контейнерлік пойыздар ҚТЖ серіктестерімен бірге ҚХР-дың Чунцин, Чженчжоу, Ухань, Чэнду, Сиань, Иу, Хэфей, Ланьчжоу провинцияларымен қатар ғаламдық HP, DHL, Foxconn компаниялары арқылы тиімді жасақталуда. «Біздің мақсатымыз еуразиялық мультимодальдық құрлықаралық көпір құру. Ол арқылы Азиядан шыққан жүк Еуропаға үш бағдармен: Қытай – Еуропа – Қытай, Қытай – Кавказ – Түркия, Қазақстан – Түркменстан – Иран бағдарымен жеткізіледі», – деді Қ. Алпысбаев. «Қазақстан – Еуропа мен Қытайды жалғайтын Жібек жолы бойындағы бірден-бір экономикалық белдеу болып табылады», – дей келіп, компания басшысы Қазақстанның Жаңа Еуразиялық құрлықтық көпірді құруға мол үлес қосып отырғандығына тоқталды. Форум аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Ляньюньган қаласының мэрі Сян Сиелонмен  де кездесу өткізіп, онда екі жақты қарым-қатынас мәселелері мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақ (АЭА) секілді бірлескен жобаларды дамыту жайы талқыланған.  Өткен жылы Мемлекет басшысының Қытай еліне  сапары барысында қытай тарапының  АЭА-ты дамытуға серіктес ретінде 600 миллион доллар инвестиция бөлу туралы Келісімге қол қойған болатын. ҚТЖ жетекшісінің  мәлімдеуінше, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағында тұрақты инвесторлар мен әлеуетті қатысушыларға барлық жағдайлар жасалған. Кездесу барысында Ляньюньган – «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты бағдарында жүк тасымалын арттыру мәселесі мен Ляньюньган портында ШЫҰ логистикалық аймағын құру жайы қаралды. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА мен Ляньюньган портын бірлесіп пайдалануды жүзеге асыру жайы Ляньюньган қалалық компартия хатшысы Ян Синшимен болған кездесуде де талқыланды. Тараптар клиенттерге барынша қолайлы жағдайлар жасап, бәсекелестікті арттыра отырып, ықпалдастықты дамытуға бейілді екендіктерін жеткізді.

Гүлнара ЕЛЖАСОВА

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды