«ҚТЖ – ЖТ» кәсіподақтары бас қосты

Жаңалықтар
17.11.2016, 18:44
«Қазпрофтранс» ҚБ-ның «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ бойынша филиалдарынан жиналған 80-нен астам делегаттар Астана қаласында арнайы конференцияда бас қосты. Олар соңғы құрылымдық өзгерістерге қатысты және қоғамдық бірлестік Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты шешімдермен танысып, күн тәртібінде 5 мәселені қарастырды.  «Қазпрофтранс» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаев төрағалық еткен жиынға «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның даму және корпоративтік қамту бойынша вице-президенті Әділжан Исмұхамбетов қатысты. Делегаттар алдымен конференцияның президиумын, есептік комиссиясын сайлап алғасын, бұрынғы «Локомотив», қазіргі «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ кәсіподақ ұйымы кеңесінің 2015-2016 жылғы жұмысымен осы ұйым төрағасы Қанат Баетов таныстырды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Кәсіподақ ұйымында 29 бастауыш кәсіподақ бар және 20 мыңнан астам қызметкер ұйымға мүше.  Бізде Ұжымдық шартқа сәйкес барлық әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Жыл басынан бері филиал кеңесімен өткізілген отырыстар барысында бастауыш ұйымдар қызметін үйлестіруге, методикалық, практикалық жәрдем беруге, Ұжымдық шарттың негізгі ережелерін анықтауға бағытталған 20 мәселе талқыланды, – дейді ол. Бұдан кейін мандат комиссиясының қорытындысы жарияланып, «Локомотив» кәсіподақ филиалы базасында құрылған «ҚТЖ – Жүк тасымалы» кәсіподақ филиалының төрағасын сайлау мәселесі көтерілді. Бұл қызметке «Ақмола – Жүк тасымалы» бөлімшесінің директоры Ермек Төлегенов ұсынылып, оны тағайындау үшін делегаттар өзара дауысқа салды. Талай жерде басшылық қызметтерді атқарып, еліміздің 5 аймағында еңбек еткен оның халыққа етене жақын жүретіндігі, жергілікті жерлердегі еңбек адамының әлеуметтік ахуалын жақсы білетіндігі атап айтылды.  Жаңа кәсіподақ филиалының құрамы бекітіліп, оған бұрынғыдай локомотившілер, «ҚТЖ – ЖТ» АҚ-ның аймақтардағы жол бөлімшелері, вагоншылар, Жолаушылар тасымалы, тағы да басқа барлығы 76 мекеменің кәсіподақтары біріктірілгендігі мәлім етілді.    Конференция барысында «Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мәтіні таратылды. Онда жаңа редакциядағы жалпы ережелер, кәсіподақтың құрылуы, оның қызметінің негізгі қағидаттары, құрылымы, тармағы, тармақшалары, кәсіподақтың басшы органдары, кәсіподақтағы сайлау және кәсіподақ органдарын құру, кәсіподақ меншігі мен қаржылық қызметі жарияланған.

Райхан РАХМЕТОВА

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?