Маңғыстау-Бейнеу пойызының жолсерігінен марихуана тәркіленді

Жаңалықтар
30.10.2020, 11:05
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

№657/658 Маңғыстау-Бейнеу жолаушылар пойызының жолсерігінен марихуана тәркіленді. «Сарыарқа» жеке тасымалдаушы компаниясына қарасты пойыз жолсерігі есірткі затын пойыздың жылыту қазандығының есігіне жасырған болып шықты. 

Полиция қызметкерлері оны «Робби» атты иттің көмегімен пойыз Бейнеу станциясына келіп тоқтаған кезде тапты. Көлемі 0,87 гр. 

 − Бізге аталған жолсеріктің есірткі затын қолданады, сақтайды деген мәлімет түсті. Сол ақпарат бойынша жедел әрекет етіп, жолсеріктің қылмысы дер кезінде әшкереленді. Дерек жұмыс барысында, 6 қазан күні анықталды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 1,2-бөліктерімен іс Бейнеу аудандық сотына жолданды. Сот шешімімен жолсерікке 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша жолсеріктің жұмыс орнына тиісті ұсыныс енгіздік, – дейді Маңғыстау станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының жедел қызмет жөніндегі орынбасары Қуанышкерей Қызылбаев. 

 Еске сала кетсек, аталған дерек «Транзит» және «Қара сора» атты жедел профилактикалық іс-шаралары кезінде анықталып отыр. 

«Транзит» іс-шарасы бірнеше күнге созылса, «Қара сора» жедел жұмысы бірнеше айдан бері жалғасып отыр. 1 маусымда басталып, осы айдың аяғында аяқталмақ. Осы өткен уақыт аралығында профилактикалық шараның нәтижесінде 5 қылмыстық іс ашылған. 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады