Бейнеу станциясының вагон қараушы бір вагоннан екі ақау тапты

Жаңалықтар
05.11.2020, 21:37
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы аптада Бейнеу станциясының вагондарға техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушысы Амангелді Татенов бір вагоннан екі ақау тауып, айды аспанға бір-ақ шығарды. 

Тәжірибелі теміржолшы бүйір рамасы және автоқосылғыштан жарық сызат тауып, болуы мүмкін екі апаттың алдын алды. Станцияның төртінші жолына түстен кейін келіп тоқтаған №2102 пойызды тексеру кезінде Қостанай облысынан Ақтау портына бағыт алған «Рефвагон» кәсіпорнына тиесілі газдалған сусын тиелген вагон арбасынан 470 мм және 520 мм сызаты бар ақаулар анықталды. 

Амангелді Татенов жұмыс істейтін қосында бір ауысымда вагон қараушылар 10-15 адамнан шығып, күндіз-түні вагондар сапасын қарайды. Себебі тоғыз жолдың торабында жатқан Бейнеу станциясында олар бір ауысымда келіп-кететін 15-ке жуық пойыздың вагондарын тексеруге алады. 

– Еңбек жолымды осыдан 6 жыл бұрын Бейнеу политехникалық колледжінде жылжымалы құрамды жөндеу слесарі мамандығы бойынша оқып бітірген соң осы жерде бастадым. Ең басында мені осы станцияға қарайтын Тұрыш бекетіне жіберген. 

Ол жерге пойыздар тоқтамайды, бірақ онда КТСМ құрылғысы бар. Соның жұмысын бақыладық. Қазір станцияның өзіндемін. Вагон қараушыларды «көз рентгені» десе де болады ғой. Біз аса қырағылықпен осындай ақауларды тауып, апаттардың алдын алуымыз керек.

Өзім қалап оқыған мамандығымның иесі болып жүргенім бір бақыт.

Басында 5-разрядты едім, қазір бір саты көтерілдім. Бастысы, теміржолдың қауіпсіздігін сақтай отыра, жұмысымызда абыройлы болу міндет, – дейді Амангелді. 

Вагоншылар үшін бүгінде техникалық сабақтар қазір көбіне онлайн өтеді екен. Ал ішке баратын болса, міндетті түрде арақашықтық сақтай отыра 5 адамнан аспайтындай етіп, сабаққа қатысады. 

Айтпақшы, Амангелдінің анасы да теміржолшы екен, локомотив депосында қызмет етеді. Ал бір інісі «Транстелеком» мекемесінде жұмыс істейді, қысқасы, теміржолшылар отбасы десек, артық емес. 

Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті