Сервис сапасы жақсара түсті

Жаңалықтар
23.11.2020, 18:12
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда жолаушылар пойыздарын сапалы қызметпен қамтамасыз етуде «Жолаушылар тасымалы» АҚ тазалық пен жоғары сервиске негізделген жұмыстар атқаруда. Компаниядағы сервистік қызмет көрсетуді жақсарту жобалары шеңберінде вагондарды жабдықтаудың жаңа стандарттары қабылданғаны мәлім.

Атап айтқанда, вагондарды жұмсақ алынбалы инвентарьмен жабдықтау жұмыстары өткен жылы қараша айынан жүргізіле бастады. Жолаушылар содан бері жаңа төсек-орын жабдықтарын сапасына қарай бағалап та үлгерді. Ал биыл вагондардың санитарлық-гигиеналық жағдайын тиісті деңгейге көтеру үшін вагон салондарының ішкі тазалығына және олардың санитарлық-гигиеналық құралдармен жабдықталуына қатысты талаптар қайта қарастырылды. 

Сондай-ақ жолаушыларға сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша шараларға жолаушылар вагондарын жаңғырту жатады. 2021 жылдың 1 тоқсаны аяқталғанға дейін ұлттық тасымалдаушы 500-ден астам вагонның 1000-нан астам санитарлық тораптарын ауыстырмақ. Бұл стандартты үлгідегі вагондардың санитарлық-техникалық жағдайын жақсартып, олардың жолаушылар үшін барынша жайлы болуына, эстетикалық келбетінің артуына мүмкіндік береді. 

Жолаушылар вагондары үшін санитарлық модульдердің каркасын дайындау барысында санитарлық талаптар мен стандарттарға сай келетін жаңа заманның беріктігі жоғары және жанбайтын материалдары пайдаланылады. 

Қолданылатын материалдар жемірлік зияндылығы бар жуу құралдарының әсеріне төзімді, ең төмен және ең жоғары ауа температурасында пайдалануға жарамды. 

Санитарлық модульдің ішінде қол жуатын хауызы, сенсорлық араластырғыш, желдеткіш, су ағызатын құбыр қатып қалған жағдайда деп қойылған жылыту жүйелері, сонымен қатар дезинфекция үшін және ағын ауаны зарарсыздандыру құрылғылары бар. 

Модульде қозғалыс және түтін датчигі, 220V розетка да қарастырылған. Унитаздың механизмдік құрастырылымы бойынша ішіндегі қалдықты ағызған кезде унитаз отырғышы да бірге арқалыққа автоматты түрде көтеріліп, бұл оның санитарлық-эпидемиологиялық сапасын арттыра түседі. Қызыл және жасыл түсті жарық индикаторы жолаушыларға кабинаның ішінде адам бар-жоғынан хабар береді. 

Компания дамуының перспективалы жоспарында темір жол көлігі қозғалысын ең экологиялық таза көлік түріне айналдыру мақсаты кіреді. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саясатын жетілдіру, қоқысты бөлек жинау жүйесін енгізу, биоәжетханасы бар жаңа вагондар алу да алдағы уақытта жоспарда қарастырылып отырған жұмыстар. 

Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті