Түйткілді мәселелер талқыға салынды

Жаңалықтар
22.11.2016, 11:55
Жүк тасымалы – Жамбыл бөлімшесінде жүк тасымалы шаруашылығының қызметкерлеріне арналған екі күндік семинар-мектеп өтті. Аталмыш шараға Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шымкент бөлімшелері мен Достық, Алтынкөл, Сарыағаш станцияларының мамандары қатысты.  «ҚТЖ» ЖТ» АҚ  Жүк және коммерциялық жұмыстар департаментінің  директоры Болат Сүлейменов жиынның ұзын-сонар баяндамалар оқумен шектелмей, пікір-талас, диалог форматында өтуі көп тиімді екенін алға тартты. –  Бүгінгі семинар жұмысына қатысып отырған мамандар өздеріне қажетті мол деректер алады деген сенімдемін. Қандай жаңалықтар бар? Станциялардың кешенді жұмыс жасауына қандай көмектер бар? Міне осындай сауалдарға жауап іздейтін боламыз. Жүк тасымалы географиясының аумағы кең. Қазіргі таңда көліктік -логистиканың дамуына көп күш жұмсалуда. Шымкентте және Астанада логистикалық орталықтар ашылғалы отыр. Бұл кешеннің барлығы заманауи құрылғылармен жабдықталатын болады. Ондағы ұсынылатын қызмет түрлері де жаңа технологиямен жүргізіледі. Орталықтандырылған қызмет түрлері ұсынылады. Осы семинар алдында бөлімшелерден көптеген сұрақтар келіп түсті. Шымкент, Жамбыл, Алматы бөлімшелерінен сұрақтар көп болды. Келіп түскен сауалдардың жетпіс пайызына жауап дайын. Дегенмен, қалған сауалдарды шешу жолдары бүгінгі шарада қарастырылатын болады, – деді Болат Мұстафаұлы. Семинар жұмысы барысында Жүк тасымалы жұмыстарының талаптары мен ұйымдастыру тобының І деңгейлі менеджері Ғани Есенбаев, Саладағы міндетті өнімдерді реттеу тобының І деңгейлі бас менеджері Рахила Абдрахимова, Сыртқы түйіспелі жұмыстар тобының І деңгейлі менеджері Бахыт Тілеужан, Ақпараттық жүйені сүйемелдеу тобының ІІ деңгейлі бас менеджері Гүлмира Ахметова, Мемлекеттік органдармен міндетті байланыс жүргізетін І деңгейлі бас менеджер Гүлжан Хайруллина, Жүк тиеу және түсіру тобының І деңгейлі менеджері Жазира Өміржанова мен Тарифті реттеу және методология тобының ІІ деңгейлі бас менеджері Наталья Байгазина қатысушылармен  түрлі тақырыптарды талқыға салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Екі күнге созылған сенминар жұмысына қатысушы бөлімшелердің өкілдері өз аймақтарында атқарылып жатқан жұмыстарды да сөз етіп, жүк айналымын арттыруға  ықпал ететін факторларға назар аударды. Семинар жұмысында жүктердің сақталуына қатысты  Әскериленген темір жол күзетінің жұмысына  сын ескертпелер айтылды.

Ерман Әбдиев, Тараз

Аймақтар
22.07.2026
Маңғыстау және Павлодар облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
22.07.2026
Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады
Әлемде
22.07.2026
Ауғанстанның Пәкістан арқылы өтетін транзиттік саудасы күрт қысқарды
Әлемде
22.07.2026
Өзбекстанда «Ташкент – Хиуа» бағыты бойынша қосымша жүрдек пойыз іске қосылады
Жолаушылар тасымалы
22.07.2026
Елімізде жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жалғасуда
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды