Тасымалда – Қаражыра көмірі

Жаңалықтар
22.11.2016, 17:21
Бүгінгі таңда Семей теміржолында жүк тиеу мен жүк айналымы жоспарының басым бөлігі осы өңірге қарасты Қаражыра көмір кенішінің тапсырысы бойынша орындалып отыр. Өткен жылы аталмыш кен орнынан тасымалданған қыстық қатты отын тоннасы рекордтық межеге жеткен болатын. Ағымдағы жылы теміржолшылар бұл көрсеткішті тағы да жаңартуды көздеп отыр. Ал бұл орайда бірқатар жағымды жаңалықтар орын алуда. Қазіргі күні еліміздің көптеген ірілі-шағынды елді мекендерін, тіпті, жақын шет мемлекеттерді көмірмен қамтып отырған Қаражыра кенішінің ашылғанына биыл 25 жыл толады екен. Бір есептен осы мерейтой, екіншіден ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесі құрметіне кен орны өндірісті еселеп, әр отбасыға, тура мағынасында айтқанда жылу сыйламақ. Яғни, көмір өндіруді келергі жылдан бастап 8-10 млн тоннаға дейін арттырмақ. Соңғы екі жылда өндіріс деңгейі 6 млн тоннаға жеткізіліпті. Ал бүгінде толық қуатына енген, Республика бойынша әлеуетті компанияға айналған «Қаражыра Ltd» ЖШС-ның көмір тасымалындағы басты әріптесі Семей жүк тасымалы бөлімшесі. Кеніш орны ашылған 1991 жылдан бері 95 млн тонна көмір өндірілсе, соның жылына 6,0 млн тоннасы тек теміржолмен тасымалданады екен. Қазіргі күні Дегелең станциясындағы жүк тиеу жұмыстары жаңа технология бойынша, соны тәртіппен жүргізіледі. Әрі жыл сайын қарқын алып, артып келеді. Мәселен, осыдан екі-үш жыл бұрын тәулігіне 225 вагон жөнелтілетін болса, бүгінде 420 вагонға жеткізіліпті. Яғни, 6 жылжымалы құрам сапарға шығады деген сөз. Айта кетерлігі, бұл көрсеткіш алдағы желтоқсан айынан бастап тағы да күрт қарқын алмақ. Өткен жылдың соңында Дегелең станциясынан тәулігіне  490 вагон көмір тиеліп, жоспар асыра орындалған еді. Сондай-ақ, локомотив тартымдылығы артып, үнем есебінен де табыс еселенген. Бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың айтуынша, қазіргі күні семейлік теміржолшылар көмір тиеуде ең жоғарғы мөлшерде жұмыс жасауда. Алайда, алдағы уақыттарда «Қаражыра Ltd» ЖШС тапсырысы артатын болса, кеніш басында қосымша тұйық желілер салу қажеттілігі туады екен.  

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?