Шуға шуақ сыйлады
Жаңалықтар
07.12.2016, 10:16
ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы бейсенбі күні кешкісін Шу өлкесіне келді.
Пойыз мүшелерін Шу тұрғындары ыстық ықыласпен күтіп алды. Патриоттық әндер жиналған жұрттың Отанға, туған жер, тәуелсіздікке деген ыстық сезімдерін күшейтіп, жігерлендіре түскендей. Ел алдында сөз алған аудан әкімі Рүстем Дәулет халықты ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
–Тәуелсіздік баршаға ортақ, жасампаз мереке. Одан асқан құндылық жоқ. Өңірдегі барлық игілікті істер ең алдымен халықтың бірлігі мен ынтымағы арқасында жүзеге асуда. Бүгінгі пойыз да берекелі бірліктің, елдіктің жарқын көрінісі. Пойыз құрамындағы азаматтар арқылы аудан тұрғындарына әр сала бойынша түрлі кеңестер мен көмектер берілмекші. Сондықтан, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының мүшелеріне аудан жұртшылығы өкілдері атынан зор алғыс білдіремін, – деп ақ тілегін жеткізді аудан басшысы.
Бұдан кейін «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының штаб жетекшісі, профессор Әміржан Әлпейісов сөйлеп, Шу өлкесін қазақ хандығының туы тігіліп, белгілі мемлекет және өнер қайраткерлері дүниеге келген киелі өлке ретінде, ұлы тұлғаларды еске түсіретінін айтты.
–Біз Астананың, Елбасының сәлемін алып келдік. Насихат пойызы құрамында 271 адам бар. Олар министрліктердің жетекші мамандары, сарапшылар, медицина қызметкерлері, заңгерлер, ұлттық компания өкілдері. Біздің пойыздың мақсаты, тек ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар ғана емес, жұртшылықтың әлеуметтік және құқықтық жағдайларына назар аудару, – деді ол.
Салтанатты шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Ертесіне «Тәуелсіз Қазақстан» пойызының мүшелері №10 Шу колледжінде білім саласының қызметкерлерімен және студенттермен білім саласына қатысты кеңес өткізді. Облыс әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының басшысы Саясат Есеев, 25 жыл ішінде қол жеткізілген жетістіктерді қысқаша баяндап, ал, білім беру кредитіне кепілдік беру және жобаларды дамыту департаментінің менеджері Қуаныш Мәулет білім саласындағы қаржыландыру жүйесі туралы айтып берді.
Арсен БАЙЗАҚ, Шу
Суретті түсірген Петр Норкин
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?