«Бұл жерде біздің қоғамның жолаушылары деп айтуымыздың себебі, бізден бөлек жекеменшік иелігіндегі коммерциялық пойыздар да жүреді. Көпшілік жағдайда жолаушылар пойыздардың барлығын «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншігінде деп ойлап жатады. Шын мәнінде, жекеменшік тасымалдаушы пойыздар да бар. Ал жаңа атап өткен жеңілдікке ие болу үшін арнайы промо-кодтарды жолаушылар Алматы бағытында жүретін №106/105 «Петропавл-Алматы-2», №4/3 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы», №10/9 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол-Алматы пойыздарындағы» мейрамхана вагондары қызметкерлеріне барып тегін ала алады. Бұл жерде біз промо-кодтарды жай ғана таратушы рөлін атқарып отырмыз», – дейді бұл туралы Қоғамның Сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов.Осылайша, ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді әртараптандыра отырып, азаматтардың жазғы демалыс маусымына орай қолайлы жағдай жасаудың түрлі жолдарын қарастыруда. Еске салсақ, мұның алдын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен ONAY қызметі теміржол жолаушылары мен қалалық қоғамдық көліктер үшін аралас билетті әзірлеуге бағытталған бірлескен жол картасына қол қойғанын, сондай-ақ, Сарыағаш шипажайына ағылатын жолаушылар үшін Шымкентпен екі ортада арнайы автобустар шығарғанын да хабарлаған болатынбыз.
Жеңілдік беретін промокодтарды «Жолаушылар тасымалы» пойыздарынан сатып алуға болады
Оқуға 2 мин
«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы компанияға қарасты теміржол көліктерінің қызметтерін пайдаланушы жолаушыларға жаз маусымының басталуымен жеңілдікке ие түрлі «тосынсыйлар» жасауда.
Соның бірі, биылғы жаз маусымында жолаушылар Алматыдағы атақты «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының гондола жолына 15% жеңілдікпен баруға мүмкіндік алмақ. Мұндай жеңілдік беретін промо-кодтарды «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарынан сатып алуға болады. Яғни, мұндай жеңілдікке тек «Жолаушылар тасымалы» компаниясы шығарған пойыз жолаушылары ғана ие болмақ.