21 маусымда отандық авиакомпания Түркістаннан Ташкентке алғашқы рейсін жасады.
Қазақстандық лоукостер Flyarystan әуе компаниясы Түркістаннан Өзбекстан астанасы - Ташкентке жаңа бағыт ашты. Бірінші рейс 21 маусымда өтті.
«Біз Түркістаннан Ташкентке алғашқы рейсімізді жасағанымызды қуана хабарлаймыз. Енді Самарқандтың теңдесі жоқ сәулетті мешіттері, Хиуаның ғасырлар бойғы сәулет туындылары, ежелгі цитадельдер мен Бұхараның сәнді сарайлары, Ташкенттің тарихи және қазіргі заманғы музейлері бұрынғыдан да жақындай түсті», - деді авиакомпания.
Тікелей рейстер дүйсенбі мен бейсенбі күндері Airbus A320 ұшағында орындалады. Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтаннан Түркістан арқылы ұшатын рейстер бар. Сапар уақыты бір сағатты құрайды. Түркістаннан Ташкентке билеттер құны 9999 теңгеден басталады.
Ташкент әуежайы қала ішінде орналасқан, сондықтан қазақстандықтар ол жерден Өзбекстан астанасының кез-келген ауданына қоғамдық көліктермен кете алады, деп хабарлайды FlyArystan сайты:
- «шағын автобуспен» - жол жүру қашықтығына байланысты және 2000 сумнан аспайды (90 теңге);
- автобуспен - билет құны 1000 сом (45 теңге) және автобус салонында кондуктор сатады. Ташкенттің орталығына баратын жол жарты сағаттан аспайды;
- таксимен - сапар бағасы алдын-ала келісілуі керек. 4 шақырымға сапар шеккенде минималды құны 4000 сум (180 теңге) құрайды.