Егер жолаушы поезд вагонында заттырын ұмытып кетсе, дереу станция бастығына хабарлауы керек. Жауапты маман сол поезд кем дегенде 10 минут аялдайтын жақын маңдағы станциямен байланысып, поезд басшысына қызметтік телефоноргамма жібереді. Хабарламада вагонның нөмірі және жолаушының отырған орны, ұмыт қалған заттардың сипаттамасы және оларды жолаушының орналасқан жеріне жіберу талабы көрсетіледі. Телефон хабарламасын беру, орау, заттарды тасымалдау - барлық шығындарды меншік иесі өзі төлейді.