Мерекеде мерейі өскендер
Жаңалықтар
20.12.2016, 11:13
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл жол бөлімшесінде өткен салтанатты жиында өтіп, онда бірқатар үздік сала мамандары марапатталды.
Алдымен әулиеаталық теміржолшыларды мерейлі мерекемен құттықтаған ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбеков соңғы жылдары саладағы тың серпінді тілге тиек етті. Сондай-ақ ел экономикасының өркендеуіне үлес қосып отырған жамбылдық теміржолшылардың әлеуеті зор екендігіне тоқталды. Бұдан кейін сахна төріне бөлімше ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағымбек Ақшалов бастаған сала ардагерлері көтеріліп, майталман теміржолшыларға Тәуелсіздіктің құрдастары естелік сый табыс етті. Қазақстандық салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл филиалының төрағасы Жұман Сәменов «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін Сағымбек Ақшаловтың кеудесіне қадап, өз тілегін жеткізді.
Сондай-ақ шарада ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов пен Жамбыл магистральді желі бөлімшесінің директоры Қайрат Сазаев та өз құттықтауларын жеткізді. Бұдан соң теміржолшыларды марапаттау рәсімі басталып, Аса станциясының кезекшісі Татьяна Ковалева «Адал еңбегі үшін» төсбелгісіне ие болса, Жамбыл бөлімшесі жедел басқару бөлімінің бөлімше бойынша кезекшісі Бекасыл Бекботаев, Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының рельс дәнекерлеу цехының шебері Меркібек Ақылов «ҚТЖ» ЖТ» АҚ президентінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Иван Донский Алғыс хатпен марапатталды. Ал «2016 жылдық жас машинисі» аталымы бойынша Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинисі Дмитрий Свитч ұлттық компания президентінің ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Салтанатты жиынның көрігін облыстық филармония ұжымының өнерпаздары қыздырды.
Ерман Әбдиев, Жамбыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?