Жол сапасын жолшы білер

Жаңалықтар
20.12.2016, 12:17

 

  «Жол салғанның сауабы мол» деген сөз бар. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында жол салу арқылы жолаушыны мұратына жеткізіп, сауапқа кенеліп жүрген жандар қатарында  «Құрметті Жолшы» белгісінің иегері Әшімхан Ұзақбайұлы бар. Аталған филиалдың пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманының бұл салада жүргеніне 22 жыл толған. Бүгінде облыстық, республикалық жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына басшылық ететін бөлімде еңбек етіп, аймақтағы 768 шақырымдық облыстық және республикалық жолдардың сапасының жоғары болуын үнемі назарда ұстайды.  – Жол жөндейтін ДЭУ мекемелеріне тапсырыс беріп, сосын ай сайынғы атқарған жұмыстарын бақылап отырамыз. Кемшілігін анықтап, талапқа сай болса қабылдаймыз. Сонымен қатар, жол нысандарында сервистік қызмет көрсету ісін жандандыру да біздің міндетке кіреді. Мәселен, аудандық әкімшіліктерден мектептің жаны сияқты халық көп өтетін жерге жаяу жүргіншілер жолын сызып, қауіпсіздік белгілерін қойып беру сынды  өтініш хаттар жиі келеді. Жыл сайын көктем мен күзде жол бойындағы қауіпсіздік белгілерінің талапқа сай болуын қарап шығамыз. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғалары орын алса себебін анықтаймыз. Яғни «кінә көлік жүргізушіден бе, әлде жолдың сапасынан ба?» деген сауалға талдама жасап, алдын сол шақырымда  мұндай жағдай тіркелген болса, жолды ретке келтіруді қолға аламыз.  Қыстағы көк мұздарда кейбір апаттарға жолдың қатысы болуы мүмкін. Алайда, соңғы бес жыл ішінде жолшылардың яғни, бізге қарасты жол құрылысының  кінәсінен апат болғаны тіркелмепті. Баяғымен салыстырғанда жол сапасы көп жақсарды, – дейді Әшімхан Колибаев.   Өскемен жол-құрылыс институтын бітірген маман еңбек жолын 1980 жылы Шымкент облыстық автожол басқармасында қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты зертхана бөлімінің инженері болып бастайды. Содан бері осы жол саласының ыстық-суығын бір кісідей көріп келеді.   – Мердігер мекемелер жолды салу, жөндеу кезінде өздеріне берілген тапсырманы уақытында орындайтындай етіп шарт қойғанбыз. Келісімге келген соң, қабылдап алғанша жұмыс барысын қадағалаймыз. Тапсырған жұмыс уақытында атқарылуда. Кестеден қалып, ескерту естіген жағдай болған жоқ. Облыс бойынша бес-алты жол жөндейтін мердігер мекемелер жолды тазалау, қауіпсіздік белгілерін реттеу, щұңқырларды бекіту, күрделі жөндеу сынды жұмыстарды атқарады, – дейді маман.   Облыстағы негізгі жолдарға тоқталған Әшімхан Колибаев, әрине, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізіне ерекше тоқталды. Бүгінде аталған автожол арқылы Шымкент – Қызылорда бағытында жиырма бес мыңға дейін көлік қатынайды екен.

Динара БАЛҚЫБЕКОВА, Шымкент

Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?