72 отбасы Түркменстаннан атақонысқа оралды

Жаңалықтар
27.07.2021, 10:33
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Түркіменстаннан шыққан арнайы пойызбен көш келді. «Түркіменбашы-Болашақ-Жаңаөзен» бағыты бойынша 218 адам КӨШІ-ҚОН Өзен станциясына жеткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz. Қандастарды пойыздан күтіп алған халық «көш көлікті болсын» айтып, туыстары үйлеріне алып кетті. 19 отбасы Ақтауға, 16 отбасы Жаңаөзенге, 13 отбасы Мұнайлы ауданына, 9 отбасы Маңғыстау ауданына кетсе, 5 отбасы Алматы облысына, 5 отбасы Жамбыл облысына, тағы бір отбасы Қарағандыға қоныстанбақ. Барлығы 72 отбасы елге оралды. Әзірге екі-үш айдай тіркеу жұмыстары жүреді. Бірақ балалары мектеп пен балабақшаға орналаса бермек. Арнайы жолаушылар пойызы «Түркімендемиреллары» МА жасақтаған 14 вагоннан құралған пойыз біздің елдің ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ демеушілігімен жеткізіліп отыр. Пойызды Болашақтан Өзенге алып келген машинист Рамис Сагитов пен көмекшісі Есқали Қанатбаев. Кері Болашаққа құрамды апарған машинист Эдуард Даулетов, көмекшісі Әділбек Жарылғапов осы бір тарихи оқиғаның куәгерлері болғандарына қуанышты.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті