Контейнерлік тасымалға көшу үшін Қазақстан мен Ресей «Агроэкспресс» сервисін қолданбақ
Жаңалықтар
20.08.2021, 09:26
Қазақстан мен Ресей теміржолының басшылары әріптестік және іскерлік қарым- қатынастарды дамыта түсуге ықпал ететін бірқатар келісімдерге қол жеткізді. Нәтижесінде екі ел арасында теміржол көлігімен жүк тасымалының 80% астамы цифрлық форматта ресімделетін болады және ауыл шаруашылығы өнімдерін контейнерлік пойыздармен тасымалдау туралы келісім жасалды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пен «РЖД» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозёров екі ел Үкімет басшыларының кездесуі аясында қағазсыз технология бойынша жүктер мен вагондарды тасымалдауға көшуді жандандыру жөніндегі жол картасына қол қойды.
Құжат екі жақты да, транзиттік қатынаста да қағазсыз технологияларды одан әрі тарату бойынша жүк жөнелтушілермен және жүк алушылармен бірлескен жұмысты көздейді. Осы технология бойынша электрондық жүк құжаттарын пайдалана отырып, Қазақстаннан жүктерді Ресей мен Беларусь арқылы транзитпен үшінші елдерге тәжірибелік экспорттық тасымалдауды жүзеге асыру жоспарлануда.
Жол картасының іс-шараларын іске асыру 2022 жылға қарай Қазақстан мен Ресей арасындағы қағазсыз технология бойынша жүктер мен бос вагондарды тасымалдау деңгейін 80% дейін, ЕАЭО мүше-елдер арасындағы транзиттік тасымалдау кезінде 50% дейін арттырады.
Сонымен қатар, Ресеймен екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін контейнерлік пойыздармен тасымалдау туралы да келісілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» ААҚ контейнерлік пойыздармен агроөнеркәсіптік өнімді жедел жеткізуді көздейтін мамандандырылған «Агроэкспресс» сервисін ұйымдастыру және дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев пен «РЖД» ААҚ бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозёров қол қойды. Тараптар мамандандырылған «Агроэкспресс» сервисі үшін тиімді тарифтік мөлшерлемелер қалыптастыру мәселелерін пысықтауға келісті.
Сондай-ақ теміржолшылар агро- өнеркәсіп өнімдерінің жүк базасын пысықтап, бекітуге, пойыздардың нақты бағыттары мен жүру кестесін белгілеуге ниетті.
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті